Бас прокуратура мәлімдейді

Бас прокуратура мәлімдейді

     Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов: «Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттеріне қатысты өтініштерді тексеруге ерекше көңіл бөлініп отыр. Бүгінге дейін прокуратураға осындай 363 шағым түсті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қарауында тергеудің рұқсат етілмеген әдістері туралы 178 қылмыстық іс бар. Арнайы прокурорлармен 8 қылмыстық іс тергеуге алынды. Оның ішінде Атырау қаласындағы «Динамо» стадионында ұсталғандармен болған оқиға, Алматы облысының полиция ғимаратындағы Батырбаевтың, кәмелет жасқа толмаған Есболатұлының және басқаларға күш қолдану туралы арыздары, сондай-ақ, өзге де қоғамдық резонанс тудырған фактілер бар. Әрбір қылмыстық іс бақылауда тұр. Нақты нұсқаулар берілді. Процес прокурорлары тағайындалды. Бұдан бұрын ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің тергелуіндегі барлық қылмыстық істер бойынша 741 күдікті сот санкциясымен қамауға алынған.

    Айта кетсек, қаңтар оқиғалары кезінде 3 мыңнан астам қару ұрланған. Осының тек үштен бірі немесе 967 бірлігі ғана табылды. Ал 2 мыңнан астам, соның ішінде гранаталар, пулеметтер, мылтықтар, тапаншалар, гранатомет әлі де қылмыскерлердің қолында. Атап айқанда, Алматы облысында полиция департаменті ғимаратынан 53 автомат, 367 тапанша, 1 гранатомет, сондай-ақ 23 мыңнан астам оқ-дәрі ұрланған. Жамбыл облысында 209 автомат, 134 тапанша, 11 гранатомет, 1 пулемет және 40 мыңға жуық патрон қолды болды.

Алматы резиденциясындағы бүліктен кейін 131 қару мен оқ-дәрілердің жетіспеушілігі анықталды. Соның ішінде 80 граната, 17 тапанша, 11 автомат, 21 гранатомет және снайпер мылтығы бар. Сондай-ақ 10 аңшылық дүкен тоналды. Ол жерден 1 629 мылтық ұрланды.

  Бас прокуратура Алматы қаласында тұтқындалған барлық адамның жеке тұлғасын зерделеп, портретін жасаған. Олардың көбі – жоғары білімі мен тұрақты жұмысы жоқ 30 жасқа дейінгі жастар. Анонимді сауалнама барысында әрбір үшінші бүлікші жағдайды пайдаланып, бөтен мүлікті ұрлау арқылы пайда тапқысы келгенін мойындады», – депмәлімдеді. 16 ақпандағы жағдай бойынша Бас прокуратура, ІІМ, ҰҚК және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп жатқан қылмыстық істер бойынша 741 күдікті сот санкциясымен қамауда отыр. Олардың қатарында бұған дейін сотталған 113 адам, тыйым салынған экстремистік қозғалыстардың 42 қатысушысы және ұйымдасқан қылмыстық топтардың 24 мүшесі бар.

Ермек Сахариев
18.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 25
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 152
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 60
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 189
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 185
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 152
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 299
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 297
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 517
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 470

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9170
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8568
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11796
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9564
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10776