Бас прокуратурада жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері Үйлестіру кеңесінің отырысында талқыланды

Бас прокуратурада жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері Үйлестіру кеңесінің отырысында талқыланды

А.ж. 28 қыркүйегінде Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және арттыру бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралардың тиімділігі мәселесі бойынша заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Үйлестіру кеңесінің жұмысына Парламент депутаттары, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың, бейінді министрліктердің басшылары және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Талқылау барысында соңғы бес жылда елімізде 75 мың жол-көлік оқиғасы (бұдан әрі - ЖКО) тіркелгені, онда 100 мыңға жуық адам зардап шеккені айтылды. Күн сайын автокөлік апаттарында бірнеше адам жарақат алып, қаза табады.

Апаттардың төрттен бірі жылдамдық режимінен асып кету нәтижесінде болды. Сондай-ақ, ЖКО Жол қозғалысы ережелерін бұзу, соның ішінде мас күйінде көлік құралын басқару, бақылаусыз мал жаю салдарынан орын алды.

Көбінесе жаяу жүргіншілердің өздері көлік оқиғаларына кінәлі болады. Осы жылдың өзінде 233 ЖКО орын алып, 40 адам қаза тауып, 155 адам түрлі жарақат алды.

Ахуал жол инфрақұрылымының жеткіліксіздігімен, әсіресе қала маңындағы жолдардың, сапасыз және жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен күрделене түседі.

Мысалы, Қарағанды – Балқаш тас жолының учаскесін (ұзындығы 362 км) реконструкциялаудың ұзақ уақытында 2019 жылдан бері 99 ЖКО орын алды.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде кешенді шаралар қабылдау қажет. Көлік жүргізу тәртібін бірлесіп арттыру, кез келген құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік қағидатын сақтау», - деп атап өтті Берік Асылов.

Талқылау қорытындысы бойынша өңірлердің әкімдеріне бейінді министрліктермен бірлесіп қосымша жаяу жүргіншілер өткелдерін салу мәселелерін пысықтау, қажетті жол белгілерін орнатуды және жол құқық бұзушылықтарын тіркейтін автоматты камералар желісін кеңейтуді қамтамасыз ету ұсынылды. Оқушылар үшін қауіпсіз орта құруға ерекше назар аударылатын болады.

Ішкі істер министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жолдардың авариялық-қауіпті учаскелерінің тізілімін жасау, проблемалардың тізбесін айқындау және оларды дәйекті шешу ұсынылды.

Сондай-ақ ережелерді өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуды көздейтін «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне түзетулерді пысықтау туралы мәселе көтерілді. 

Жалпы, жол апатын азайту үшін еліміздің жолдарындағы жағдайды түзетуге бағытталған бірқатар басқа ұйымдастырушылық және заңнамалық шаралар әзірленді.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі
28.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 111
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 147
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 49
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 145
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 111
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 256
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 259
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 470
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 431

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9130
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8527
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11754
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9523
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10735