Баспасөз – қоғам мен билік арасындағы алтын көпір

Баспасөз – қоғам мен билік арасындағы алтын көпір

Астанада екі күнге жоспарланған «Өңірлік мерзімді басылымдар форумы» өтіп жатыр. Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен облыстық, аудандық газеттердің редакторлары, журналистер мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері қатысты.  Форумда журналистердің материал жазудағы жанр таңдау мен стилистика, дәстүрлі және жаңа медиа сабақтастығы, аймақтық БАҚ-ты дамыту, медиа кеңістіктегі мемлекеттік тіл, конвергентті журналистика, суреттерді сөйлете білу, газет дизайны, макет жасау, басылымдардың сапасын арттыру және аудиториясын кеңейту, оларды оқырманға уақытылы жеткізу мәселелері, журналистердің әлеуметтік жағдайы, баслымдардағы жарнама және монетизация әдістері талқыланды. 

Форум барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі аймақтағы басылымдарды қаржыландыру тетігі мен ережелері қайта қарастырылып жатқанын, БАҚ-қа берілетін мемлекеттік тапсырыстың талаптарын жеңілдету көзделіп отырғанын айтты. Дархан Қыдырәлі: – Өңірлік басылымдардың сайттарын жасау және қолдау әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану бойынша әдістемелік көмек көрсетіледі. Сайттары жоқ кейбір аудандық газеттердің сайттарын жасап беруге біз қолдау көрсетеміз. Өңірлік газет-журнал қызметкерлерінің біліктілігін шыңдау мақсатында жақында ғана қайта құрылған Қазақ газеттерінде және Қазконтентте тәжірибе алмасу жобасы іске қосылады. Жыл бойы баспа басылымдарының өкілдері Егемен Қазақстан және Казахстанская правда сияқты іргелі басылымдарда тәжірибеден өтуге мүмкіндік алады, -деді. Ал премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов министрлікке аймақтардағы бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді. Өңірлік БАҚ мәселелерін жақсарту үшін жауапты министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жұмыс істеу және қазақстандық медиа кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.

Елімізде қазір 5 мыңнан аса БАҚ тіркелген болса, оның 70 пайызын баспа мен басылым құрайды. Бүгінгі күні осы баспа өнімдерінің оқырманға жету, тарату мәселесі, журналистердің мәртебесі, «Масс-медиа туралы» заң жобасын жетілдіру, басылымның ұлттық-мемлекеттік идеологияның басты құралына айналуы секілді мәселелер өте өзекті болып отыр. Интеллектуалды пікірталас алаңына айналған жиында медиа мамандар түрлі концепция ұсынып, тәжірибе алмасты. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы Қанат Ысқақов: – БАҚ – қоғам мен мемлекеттің арасындағы алтын көпір деген ұғым бар. БАҚ бәсекеге қабылетті әрі еркін болуы керек. Қазір интернет, әлеуметтік желінің жедел дамуы арқылы кез келген азамат ақпарат тудырып, таратушы медиаға айнала алады. Сондықтан БАҚ және баспа басылымдары сауатты әрі жедел, сапалы, шынайы, нақты ақпаратты қоғамға жеткізудің жаңа жолдарын, деңгейін қалыптастыруы керек. Сауатты кадр мәселесін шешуіміз керек, -деді. Ал  «Қазақ» газеттері ЖШС-ның директоры Дихан Қамзабекұлы: – Мемлекеттік ақпараттық саясаттағы өңірлік газеттердің рөлі» тақырыбында ойын ортаға салды. –  Халық баспасөзге сенеді, қадірлейді. Мемлекетшілдік ойлар, пікірлер, мемлекеттік ақпараттық саясат өңірлерде қалай көрініп жатыр деген, БАҚ-ты ғалым ретінде зерттеген адаммын. Әу баста қалыптасқан дәстүр бойынша сын мен бақылау болады. Газет сынайды, соған тиісінше атқарушы билік немесе қоғамның белгілі бір құрылдары қорытынды шығарады. Қазір сол қалай жүріп жатыр. Қазақ баспасөзінде қалыптасқан дәстүр бар – мәдениетті сын, сындарлы (конструктивті) сын. Оған реакция, қорытынды қалай болып жатыр. Бұл ойландыратын мәселе. 

Осында отырған азаматтар көбі мемлекеттік басылымдарды басқарады, сонда қызмет жасайсыздар. Менің түсінігімде мемлекет деген сөздің атауы жүргеннен кейін, оның ар жағында мемлекетшілдік деген ұғым тұр.   Мемлекетшілдік деген ұғымды көбінесе ауызмен айтамыз да, орындау іске ауыруға келген кезде жауапкершілігі аз сөздей болып кетеді. Кез келген азаматымыз мемлекетшіл ме, әсіресе мемлекетті құруға байланысты, мемлекетті қалыптастыруға байланысты қызметте жүрген азаматтар. Оның параметрі, өлшемі бар ма? Өлшемді кім қалыптастырады? Оны әрине сізбен біз қалыптастырамыз, -деді. 

Сондай-ақ форум барысында «Айқын-Литер» ЖШС-ның директоры Ысқақ Егембердиевтің «Газеттегі жарнама және монетизация мәселесі» тақырыбындағы тәжірибесі мен журналист Ерболат Мұхамеджанның «Конбергенттік журналистика» туралы ойлары медиа мамандардың қызығушылығын тудырды. Ысқақ Егемберді: – Әлеуметтік желі, ютуб аудиторияны тартып алды деп шырылдап отыра берсек біз ештеңеге жетпейміз. Қазір бірінші әлеуметтік желі, сайт, одан кейін телевидение, сосын газет. Бұл біздің күнделікті шындығымыз. Осы тұрғыда қазір веб редакциялар не істеуі керек. Газет пен сайттың ұжымы бір болғанымен, редакциясы бөлек болуы тиіс. Қазір басылымдар мемлекеттік тапсырыс орындау арқылы, яндекс жарнамалық материалдар орналастыру арқылы және баспасөзге жазылу арқылы монетизация жасауға, яғни қаржы табуына болады. Министрлік басылымдарға құн салығы, субсидия беру және журналистердің қаржы мәселесін шешу бағытында біраз жұмыстар жасап жатыр, тез шешілсе... Әр баспасөз тәуелсіз БАҚ-қа айналу үшін қаржылық тәуелсіздікке жетуі керек, -деп газеттерде монетизация, тиімді контент жасау, бәсекеге қабылетті болу жөніндегі өз тәжірибелерімен бөлісті. Шынында да қазір БАҚ өзінің тәуелсіз қаржылық мүмкіндіктерін қалыптастырмайынша, кадр мәселесі, журналист сауаттылығы және осы салада ғана жұмыс істейтін істейтін қызметкерлердің әлеуметтік мәселесін шеше алмайды. Шындық, кірістің көзі интернетке көшіп кетті. Осы үрдісті медиа салада конвергенттік журналистика дейді, яғни баспа, интернет, желіні үлкен платформа ретінде қарастырады. Ерболат Мұхамеджан: – Қазір біршама басылымдар әкімдіктің қолдауынан шығып, нарыққа кетіп жатыр. Ол деген бәсекенің ортасы, не өлесің, не тірі қаласың, нарық заңдылығы. Бірақ сол газетті оқи ма, оқымай ма деген сұрақ және ол сұрақ күн сайын көбейе берсе де, оның ішіндегі материалдар қаншалықты құнды, қаншалықты аналитика, шынайы зерттеулер бар. Жазылуды міндеттеудұрыс па?, -деген ойларымен бөлісті. Ербол Мұқамеджанның көзқарасына қарай, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің Бас редакторы Абай Балажан: – Бірақ өңірдегі жағдай сіздер ойлағандай емес, басқа. Қазақстан халық 19 миллионның ар жақ, бер жағы. Алдымен газет ақпарат құралы ма, соны анықтап алуымыз керек. Менің ойымша, газет идеологиялық құрал Қазақстан жағдайында. Газет, егер идеологиялық құрал болса, онда ол идология кімге керек. Егер мемлекетке идеология керек болса, қазіргі жағдайға түсер ме едік, -деді. 

Иә, медиа салада баспасөз керек пе, керек жоқ па деген сұрақ көптен бері төтесінен қойылып келеді. Сондықтан да Ақпарат және даму министрлігінің бұл форумды ұйымдастырудағы мақсаты медиа салада қордаланған мәселелерді шешу. Ал Қазақстандағы қазіргі журналистиканың қарыштап дамыту, конвергенттік журналистиканы дамытуға бет бұру, әр түрлі сайттарды ашу, менеджментті дұрыс үйлестіру, коммерцияны ұйымдастыруға қол жеткізу, жеке тәуелсіз журналист тәрбиелеу мәселелері уақытты қажет ететіні сөзсіз. Біз Ерболат Мұқамеджанға, «Америка, Жапония немесе Батыста газет оқиды, газет бәсекеге бейімделген және нарықты меңгерген деп жатамыз. Бірақ біздің әлі өркениет бармаған ауылды басқа дамыған елдермен салыстыру, халыққа солардай бол, БАҚ-қа миллиондаған халқы бар елдердегідей оқырман жина деп «ақыл» айту қаншалықты дұрыс. Оқу мәдениеті қалыптаспай, қоғам қалай сауатты болмақ...» деген сұрақ қойған едік. – Қазір басқаны айтпағанда ютубтің өзін тик-ток ығыстырып барады. Қазір жекелеген адамдар газет болып бара жатыр. Қазір жекелеген адамдардың «подпискасы» кейбір басылымдарға қарағанада әлдеқайда көп. Бір адамның өзі медиаресурс. Жекелеген тұлға алға шықты, -деп жауап берді Ерболат Мұхамеджан.

Түйін: Ақпараттық технология дамыған сайын газет-журналды ығыстыратыны сөзсіз. Сондықтан үнемі айтылып жүргендей баспасөз сараптамалық, талдау, зерттеу, ақпараттық-танымдық мақалаларға көбірек назар аудару арқылы оқырман тартуы керек шығар. Парламент депутаты Нұртөре Жүсіп айтқандай, оқу мәдениетінен айырылғанадам ойлау мәдениетінен де айырылатынын естен шығармаған жөн. Сауатты қоғам қалыптастыру, арзан ойын-сауықты ығыстыратын сапалы контент жасау халық пен биліктің арасындағы алтын көпір бола білу, мемлекеттік идологияның темірқазығы болу алдымен баспасөзге жүктеледі. National Geographic Qazaqstan журналының  жауапты редакторы, Айбын Шағалақ айтқандай, оқырманға қызықты, сапалы контент қалыптастыру үшін, визуализацияға мән беру, сараптамалық мақалаларда ойдың жинақылығы, фото және инфографиканы ойнату секілді жалықтырмайтын, ақпаратты жылдам қабылдауға әсер ете алатын әдіс-тәсілдерге көшу, басқа да нарық заңдылығына икемделген тиімді тәжірибелерді таңдау маңызды болмақ.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
26.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 135
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 17
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 79
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 66
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 52
 МАҚТААРАЛДА ЖЫЛЫНА 80 МЫҢ ТОННА МАҚТА ТАЛШЫҒЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 17
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 467
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 435
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 459
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 451
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 449
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 466
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 456
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 649

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9691
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9070
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12304
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10075
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11284