Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының «Санитариялық − эпидемиологиялық сараптама орталығы» (бұдан әрі - Орталық) 2023 жылғы 28 қыркүйекте тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша шеберлік сағатын ұйымдастырды.

Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің директоры Байділдә Сейділдәйұлы Шиналиев Департаменттің қызметі және Жамбыл облысы аумағында тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері туралы ақпарат берді.

Тренинг аясында Орталық директоры Сәуле Шарипова үздік халықаралық тәжірибелер (GHP, GMP) және НАССР қағидаттары негізінде тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азық-түлік кәсіпорындарындағы зертханалық бақылаудың тиімділігін арттыру бойынша шеберлік сағатын өткізді.

Шеберлік сағаты тамақтан уланудың алдын алу мақсатында өткізілді. Оқу барысында алынған дағдылар, қауіпті өнім өндірумен байланысты тәуекелдер мен экономикалық шығындарды азайтуға көмектеседі.

Тренингке 25 бизнес және мектептегі тамақтануды ұйымдастырушылардың өкілдері қатысты.  Кәсіпкерлерге практикалық мәселелерді талқылауға және балалар үшін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік туды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, ластанған тағамдарды жегеннен кейін жыл сайын әлемде 600 миллион адам ауырады екен.

 

 

28.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14331
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14260
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29403
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28039
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31570