Басқарма басшысы ҮЕҰ және БАҚ өкілдерімен кездесті

Басқарма басшысы ҮЕҰ және БАҚ өкілдерімен кездесті
Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесті.
Кездесудің мақсаты – басқарма саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және тиісті шаралар қабылдау.
Еркін Егембердіұлы басқарманың жұмысы үш бағытта жүзеге асырылатынын айтты. Олар: халықты жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасыларына жәрдемақылар төлеу, мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету. Осы бағыттар бойынша өткен жылы бірқатар жұмыстар атқарылып, ағымдағы жылы да өз жалғасын табуда.
Айта кететін бір жағдай, өткен жылғы барлық жоспарлы көрсеткіштер толық орындалып, белгіленген индикаторларға қол жеткізілген.
Өткен жылы жұмыспен қамтудың өңірлік картасы аясында 67 968 жұмыс орындарын құру жоспарланып, жыл қортындысымен барлығы 81 697 жұмыс орны құрылып, жоспар 120,2 пайызға орындалды. Ағымдағы жылы карта аясында 67 373 жұмыс орнын құру жоспарланып, жыл басынан 11 074 жұмыс орындары құрылған.
Сол сияқты 2023 жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 54 156 адамды тарту жоспарланып, барлығы 66 202 адам белсенді шараларға тартылған, жоспар 122,2 пайызға орындалған. Биыл барлығы 60 622 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланып отыр. Жыл басынан жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 11 960 адам тартылған.
2023 жылы жұмысқа орналастырудың жылдық жоспары 45242 адам болса, есепті кезеңге 51796 адам жұмысқа орналастырылып, жоспар 114,5 пайызға орындалған.
2024 жылы жұмысқа орналастыру жоспары 46 953 адам болса, есепті кезеңге 7058 адам жұмысқа жолданып, жоспар 15,0 пайызға орындалды.
Өткен жылы жастарға 2,5 пайызбен микрокредит беруге облыс бойынша 483 адамға 2,2 млрд.теңгенің шағын несиесі берілді (жоспар 347 адамға 1,7 млрд.теңге болатын. Басқа облыстар игере алмаған қаржы есебінен қосымша 100 адамға 500,0 млн.теңге бөлінді). Ағымдағы жылы жастардың шағын несиесіне 362 адамға 1,8 млрд.теңге қаралып отыр.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңірлік еңбек нарығында тұрақтылық сақталып, жұмыссыздық деңгейі 2023 жылдың 4-ші тоқсаны бойынша 4,8%-ды құраған.
Халықтың «әлжуаз» топтарына әлеуметтік жәрдемақылар төлеу жұмыстары да өз жалғасын табуда. 2023 жылы атаулы әлеуметтік көмекпен 42 222 адамды қамту жоспарланып, оларға барлығы 4,1 млрд.теңге қаржы қарастырылған.
2024 жылдың 1 қаңтарына атаулы әлеуметтік көмек 7940 отбасындағы 42 222 адамға 4,1 млрд. теңгеге төленді.
Белсенді шараларды қолдану нәтижесінде 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы АӘК алушылар 1279 отбасына немесе 13,9%-ға2024 жылы атаулы әлеуметтік көмекпен 55 423 адамды қамту жоспарланып, оларға барлығы 4,8 млрд.теңге қаржы қарастырылды. Жыл басынан атаулы әлеуметтік көмек 4198 отбасындағы 22 375 адамға 278,1 млн.теңге тағайындалып, төленді.
Сонымен қатар, 2023 жылы АӘК алушы отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі әрбір балаға қоса алғанда ай сайынғы қосымша төлемге 529,3 млн.теңге қаржы қарастырылып, 13344 балаға төленді.
2024 жылға осы төлемге 980,7 млн.теңге қаржы қарастырылып, 15 786 баланы қамту жоспарлануда. Жыл басынан 6849 балаға 37,9 млн.теңге тағайындалған.
Біздің жұмысымыздың 3-ші бір үлкен бағыты мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету болып табылады.
Бүгінгі күнге, облыс бойынша 45 715 мүгедектігі бар адам тіркелген.
Бұл облыс халқының жалпы санына шаққанда 3,7%-ды құрайды.
2023 жылы әлеуметтік қызметтер ұсыну порталында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке абилитациялау және оңалту бағдарламаларының орындалуы 97,9%-ды құрап, республикада алдыңғы 3-ші орынды тұрақталған.
Порталда 27089 өтініш тіркеліп, 26512 өтініш қанағаттандырылды.
2024 жылы әлеуметтік қызметтер ұсыну порталында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке оңалту бағдарламаларын 95,0%-ға орындау жоспарланып отыр. Жыл басынан Порталда 8887 өтініш тіркеліп, 4230 өтініш қанағаттандырылды, жоспардың орындалуы 47,6%-ды құрап отыр.
Ал «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасына сәйкес 2023 жылдың соңына стандарттарға сәйкес келетін бейімделген объектілердің үлесі шамамен 60%-ды құрауы тиіс болатын. Осыған байланысты облыс бойынша 2021-2025 жылдары 1295 нысанды бейімдеу, ал 2023 жылы Тараз қаласы мен аудандарда 259 нысанды бейімдеу жоспарланып, олар толығымен бейімделді.
Ал, 2024 жыл соңында стандарттарға сәйкес келетін бейімделген объектілердің үлесі шамамен 80%-ды құрауы тиіс. Осыған байланысты ағымдағы жылы Тараз қаласы мен аудандарда 259 нысанды бейімдеу жоспарлануда. Есепті мерзімге бейімдеуге жататын нысандардың жобалау-сметалық құжаттамалары дайындалуда.
2024 жылы Басқарма тарапынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдар арқылы 2897 адамға қызмет көрсетіледі. Оның ішінде 199,8 млн.теңгеге 1997 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіліп, 60,6 млн.теңгеге 900 адамға инватакси қызметтері ұсынылады.
Үкіметтік емес ұйымдармен тығыз қарым-қатынас жасау қағидасын басшылыққа ала отырып, облыстық басқарма аталған бағыттағы өз жұмыстары ауқымын ары қарай кеңейтуге және жаңа жобаларды іске асыруға әрқашанда дайын екенін де жеткізді Е.Келесов.
Жиында Еркін Егембердіұлы өз сөзінде басқарма саласын дамытудың негізгі бағыттары бойынша қол жеткізілген нәтижелерге, жүзеге асырылып жатқан жобаларға, басқарманың міндеттеріне тоқталды.
Келесі кезекте Е. Келесов ҮЕҰ өкілдері мен журналистердің сауалдарына жауап беріп, әрбір өтініш бойынша жан-жақты түсіндірме берді, кейбір жүйелі мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелерге талдау жасап, оларды шешу шараларын ұсынуды тапсырды.
Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
29.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1101
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7147
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10999
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7211
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7356