Башқұртстан: халық неге наразы?

Башқұртстан: халық неге наразы?

Соңғы аптадағы жаңалықтардың ішінде Башқұртстандағы халық наразылығы әлем назарын аударып тұр. Азаматтық белсенді Файл Алсыновтың сотталуына байланысты наразылық акциясына шыққан башқұрттардың саны күн сайын артып келе жатыр. 17 қаңтар күнгі ашылған сот кезінде прокуратура өкілі белсенді Файл Алсыновты Қылмыстық кодекстің 282-бабы 1-тармағы («Өшпенділік пен араздық қоздыру») бойынша айыпты ретінде танып, оны 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Судья Элина Тахирова бұл талапты қанағаттандырып, шешім шығарған. Алайда белсендінің адвокаты Илнұр Сүйіндіков бұл әділетсіз шешім екендігін айтып, қарсылық білдірген. Сот кезінде судья Элина Тахирова айыпталушының экстремистік ұйым ретінде танылған «Башқұрт» ұйымымен қатысы бар екендігін де негізге алғандығын алға тартқан. 

Алсынов өз кінәсін мойындамайтынын айтты. Сот залында қамауға алынған Файл сыртқа шыққанда өзін қолдауға келген «Бостандық, Фаил, біз сенімен біргеміз!» деп ұрандатып тұрған халыққа алғысын айтыпты. 

«Мен өз кінәмді мойындамаймын, мен әрқашан әділет үшін, халқым, республикам үшін күрестім. Иншалла, көрісетін боламыз, мұндай шешімді күткен жоқпын, оған шағымданамыз. Мен Хабировтың саясатын түсінбеймін. Мен өзімнің кінәмді мойындамаймын. Ары қарай не боларын білмеймін», – депті башқұрттың өжет ұлы.

Осы оқиғадан кейін Баймак, Уфа қалаларында көшеге шыққан халық наразылық шеруін бастап кетті. Өкінішке қарай, қарулы жасақтар ереуілдеткен халыққа көзден жас ағызатын қарулар қолданып, оларды таратуға тырысқан. Полициямен болған қақтығыс кезінде бірнеше адам жараланып, тағы бірталай адам қамауға алынған.

Ресейдегі тәуелсіз сайттардың хабарлауынша, Файл Алсынов бірнеше жылдан бері Башқұртстанда өзінің азаматтық көзқарасын жасырмай, биліктің түрлі шешімдеріне ашық қарсылық көрсетумен танылған. Файл Алсыновтың сотқа тартылуына Башқұрстан басшысы Радий Хабировтың өтініші себеп болған деп жазып жатыр Ресей сайттары.

Наразылық білдірушілердің көңіл күйін бақылаған кейбір сарапшылар «бұл Мәскеуге деген қарсылықтың бір көрінісі» деп баға беріп отыр.

Ерқазы Сейтқали
25.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1170
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7217
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11081
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7282
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7428