Басшыға тән қағида-қасиеттер

Басшыға тән   қағида-қасиеттер

Қазақ халқы ерте кезден-ақ елін де, жерін де қорғай білген, жауына бас имеген батыр халық екені тарихтан белгілі. Халқымыздың батыр екеніне мына кең-байтақ жерімізді жау аяғына таптатпай, кейінгі ұрпағына аман-есен жеткізгені дәлел. Қаншама қиыншылықтарды, зұлматтарды көрсе де, ұрпақтарының осы күнге жеткені сол батыр бабаларының рухтарының қорғап, қолдағаны деп білеміз. Халқымыз қазіргі күні сауатты, көзі ашық, әсіресе, 2022 жылғы қаңтар көтерілісінен кейін кімнің кім екенін және Н.Назарбаевтың, Қ.Тоқаевтың кім екенін де т.б. ішкі ойларын, пиғылдарын жетік түсінді. Халқымыздың жан-жақты ойланып-толғанып елімізді басқаратын адал, әділетті басшыны өз араларынан іздеп, таңдап жатқаны да өте құптарлық дұрыс шешім болды. 

Данышпан ғұлама, ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби: «Адам өз заманында жақсы да дұрыс, әділ басқарылатын қоғамда ғана шын мәнінде бақытты өмір сүре алады», –  дейді. Сонымен бірге, бабамыз қағида-қасиет деп аталатын еңбегінде елді басқаратын адамның бойында адам баласына тән он екі түрлі жақсы қасиеттердің болуы тиіс екендігін де дәлелдеп айтқан екен. 

Ондай жақсы қасиеттер мыналар:

1-қасиет: «Басшы болатын адамның сыртқы тұлғасы сымбатты, әдемі, иманжүзді болуға тиіс».

2-қасиет: «Басшы өзіне айтылған сөздің бәрін терең түсінетін, істің мән-жайын тез сезетін аса зерек болуы керек!».

3-қасиет: «Басшы көрген, естіген нәрселердің бәрін зердесінде ұзақ уақыт сақтайтын адам болуы тиіс!».

4-қасиет: «Басшы терең ой иесі, шебер әрі шешен адам болуы тиіс!».

5-қасиет: «Басшы ғылым мен өнерге жаны құштар, оқып үйренуден шаршамайтын адам болуы керек!».

6-қасиет: «Басшы адам тағамға, ішімдікке, сайрандауға келгенде қанағатшыл болуы керек!»

7-қасиет: «Басшы сауыққұмарлықтан аулақ болуы шарт».

8-қасит: «Басшы адам шындықты сүйіп, жалған мен жағымпаздыққа қарсы тұруы тиіс!»

9-қасиет: «Басшы жаны жомарт, қайырымды, қолы ашық, кешірімшіл, ешкімге кек сақтамайтын жан болуы шарт!»

10-қасиет: «Басшы пасық істердің бәрінен жоғары, игі істерге ынтызар болуға тиіс!»

11-қасиет: «Басшы әділетсіздік пен озбырлықты жек көретін адам болсын!»

12-қасиет: «Басшы адам өзі қажет деп тапқан, халыққа қажетті істі жүзеге асыруға келгенде шеберлік танытып, қорқыныш пен жасқануды білмейтін, батыл, ержүрек болуға міндетті!»

Адам баласына тән міне осындай 12 түрлі жақсы қасиеттерді бойына жинақтай білген адам ғана елді басқарса, халықты биік белестерге бақытты өмірге жеткізе алатынын әл-Фараби бабамыз дәлелдеп кеткен екен. Дәл қазіргі күні біздің елімізге Фарабидің айтқанындай басшының өте қажет екені өзінен-өзі сұранып тұрғандай... «Алла елімізді басқаруға адал, әділетті басшыны нәсіп етсін!» деп шын ниетімізбен тілейміз! 

 

Айбол БИТУҒАНОВ, зейнеткер-ұстаз
30.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 16
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 22
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 4
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 10
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 14
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 11
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 19
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 22
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 249
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 244
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 869

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8941
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8333
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11561
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9319
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10545