Батысқазақстандық педагогтердің мерейі үстем

Батысқазақстандық  педагогтердің мерейі үстем

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Батыс Қазақстан облысының білім саласында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылып, нақты жұмыстар атқарылған.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәжілісінде БҚО білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева мәлімдеді.

– Мемлекет басшысы өзінің бағдарламалық құжаттары мен сөйлеген сөздерінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Президенттің тапсырмасына сәйкес 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданып, соның аясында нақты іс-шаралар қолға алынғаны белгілі. Нәтижесінде облысымыздағы 15 мыңнан астам мектеп мұғалімдерінің жүктемесі 18 сағаттан 16-ға дейін қысқарып, 20 мыңнан астам оқытушының жалақысы ұлғайтылды. Үш ұстазға «Батыс Қазақстан облысының білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі табысталды. Осы төсбелгінің иесіне біржолғы сыйақы да  берілді. Үздік жетістіктері үшін облыстың педагогика саласының бір маманына «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді, – деді Айгүл Әділгерейқызы.

Сонымен қатар басқарма басшысы спорт секцияларын ашу және балаларға арналған үйірмелердің қызметін ұйымдастыру жөніндегі тапсырмалар шеңберіндегі жұмыстарға да тоқталды. 

– Облыстың қосымша білім беру ұйымдарында 1913 үйірмемен оқушылардың 54,2 %-ы, мектеп  жанындағы үйірмелермен 23,8 %-ы қамтылды. Мәдениет жүйесіндегі аула клубтары, комьюнити орталықтар, спорт жүйесіндегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерімен оқушылардың 13,4 %-ы  қамтылған. Спорт секцияларына  оқушылардың  46 пайызы қатысады. Өңірімізде қосымша білім берудің барлық түрлерімен оқушылардың 91,7 %-ы  қамтылған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы енгізілген болатын. Облыс бойынша 316 мектепте кітапхана жұмыс істейді. Оларға автоматтандырылған «Е-кітапхана» және «MARSCQL» бағдарламалары енгізілді. 68 мектепте коворкинг орталықтары құрылған, – деді басқарма басшысы.

Бұдан әрі облыстың бас ұстазы тұрғылықты жеріне және оқыту тіліне қарамастан балаларға сапалы білім алу үшін тең мүмкіндіктер жасау бағытында берілген жүйелі шаралар әзірлеу тапсырмасы аясында атқарылған жұмыстарға назар аударды. Осы ретте «Батыс INNOVATION», «Мобильді мұғалім» жобалары енгізілгенін мәлімдеді. Облыс мектептерінің материалдық-техникалық базаларын нығайту бағытында да ауқымды жұмыстар жасалғаны белгілі болды. Президент Жолдауында берілген тапсырмалар шеңберінде облыс бойынша 77 жаңа жалпы білім беретін мектептің құрылысы жоспарланған. Жалпы өңірімізде 3-6 жас аралығындағы  балаларды мектепке дейінгі қамту 100 пайызды, 2-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді қамту 87,4 пайызды құрап отыр. Сондай-ақ биылғы «Балалар жылы» аясында 80-нен астам іс-шараны қамтитын облыстық жоспарға сәйкес жаңа жобалар жүзеге асырылуда. 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
04.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 43
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 135
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 38
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 44
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 54
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 43
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 131
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 135
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 324
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 317
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 941

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9013
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8409
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11634
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9392
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10619