Батысымыз бен Башқұртстан ынтымақтастығы

Батысымыз бен Башқұртстан  ынтымақтастығы

Жуырда Башқұртстан Республикасына сапарлап қайтқан ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев бастаған қазақстандық делегация құрамында Орал қаласының әкімі Абат  Шыныбеков те болған еді. 

Қазақстандық делегация Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировпен және компания өкілдерімен кездескен.  Қос тарап Башқұртстан мен Батыс Қазақстан облысы арасындағы екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды, өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, өнеркәсіптік, мәдени-ғылыми, іскерлік байланыстарды арттыру мәселелерін талқылаған.

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков атап өткендей, құрамында батыс қазақстандық кәсіпкерлер болған жұмыс тобы Уфа қаласында Қазақстан мен Башқұртстан елдері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған іс-шараларға қатысқан. Сонымен қатар башқұртстандық кәсіпкерлерге Батыс Қазақстан облысының инвестициялық және экспорттық әлеуеті таныстырылған. 

 – Бұл жолы Орал және Стерлитамак қалалары арасындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі Жол картасына қол қойылды. Уфа қаласының басшысымен екіжақты кездесу өткізіп, қос шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары бойынша өзара тәжірибе алмасу туралы келісімге келдік. Сонымен бірге Башқұртстан Республикасы күніне арналған салтанатты шараға қатыстым, – деді Абат Абайұлы. 

Шаһар басшысы бұл сапар Батыс Қазақстан облысының ғана емес, Орал қаласының да дамуына тың серпін береріне сенім білдірді. Сапар барысында, екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған Жол картасына қол қойылды.  

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
21.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСҚА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 28.03.2024 54
ҚАЗАҚТЫҢ ЖАНЫ – ДОМБЫРА
Дәулетбек Байтұрсынұлы - 28.03.2024 99
ОТАНСЫЗ ЖЕТІМ, ДІНСІЗ БАҚЫТСЫЗСЫҢ
Нұрлан Байжігітұлы - 28.03.2024 28
ШЕШЕНДІК ӨНЕР – АСЫЛ ҚАЗЫНА
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 28.03.2024 17

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 332
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6435
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8047
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6515
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6651