Бейбіт өмірде ынтымағы жарасқан елміз

Бейбіт өмірде ынтымағы жарасқан елміз

Қазақстанның сыртқы саясатта көпвекторлық принципін таңдауы елге барлық басым державалармен тіл табысу мүмкіндігін берді. Көпвекторлық сыртқы саясат негізінде Қазақстан біртіндеп әлемдік аренадағы ойыншы мемлекетке айналуда. Әлем Қазақстанның бейбітшілік сүйгіш, ынтымақтастыққа ашық, сауда мен инвестицияларға қолайлы саясатына куә болды. 1992 жылы 5 наурызда, БҰҰ-ға мүше болып қабылданған сәттен бастап, Қазақстан әлемдік бейбіт өмір мен ынтымақ трендтерін күшейтуге атсалыса бастады. Сол жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға мүше болып, «Еуропаға терезе» бағдарламасын іске асыра бастады. Дамыған Еуропа мемлекеттерінің барлығымен дерлік өзара пайдалы және тиімді қатынастар орнатылды. Дамыған мемлекеттер Қазақстанның бейбітшілік саясатының үлгісін көрді.

Елге әлемдік абырой әкелген алғашқы қадам 1991 жылғы 29 тамызда Семей ядролық полигонының жабылуымен жасалды. Жер шарындағы ең қуатты 500-ге жуық ядролық жарылыс жасалған полигонның үні өшті. Бұл қадам әлемдегі ядролық қауіпсіздікті күшейтуге қосылған қомақты үлес болды. Қазақстанның үлгісіне АҚШ, Қытай, Франция сияқты ядролық полигондары бар мемлекеттер ден қойды.

Екінші тарихи қадам – Қазақстанның өз жеріне орналасқан 1200-дей ядролық қарулы баллистикалық зымырандардан бас тартуы болды. Ядролық қуаты әлемдегі төртінші орындағы осыншама алапат қаруды Қазақстан 1994 жылы халықаралық бақылаушылардың қатысуымен Ресейге көшірді. Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа, Ядролық сынақтарға тыйым салу туралы шартқа қол қою арқылы Қазақстан ядролық қарусыз мемлекеттер қатарына қосылды. Өз кезегінде АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция Қазақстанның саяси тәуелсіздігіне, аумақтық тұтастығына кепілдік беретін міндеттемеге қол қойды. Әлем халықтары Қазақстанның бейбіт үлгісін құрмет тұта бастады.

Қазақстан әлемдік қауіптер мен қатерлер, діни және этносаралық қайшылықтар, халықаралық терроризм мен есірткі тасымалына қарсы күрес мәселелеріне байланысты бірнеше маңызды бастама көтерді. Соның ішінде Ауғанстан, Сирия, Қырғызстан елдеріндегі дағдарысты реттеуге байланысты Қазақстанның ұстанымын әлем мемлекеттері қолдады. Осындай тиімді, халықаралық бейбітшілікті нақты нығайтатын саясатының арқасында Қазақстанды ширек ғасыр ішінде әлемнің 193 тәуелсіз мемлекетінің 160-тан астамы таныды. Олардың 120-сымен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Шетелдерде Қазақстанның 70-тен астам елшіліктері ашылды. 2000-нан астам мемлекетаралық және үкіметаралық шарттар мен келісімдерге қол қойылды. Қазақстан 500-ден астам халықаралық ұйымдар мен қозғалыстардың мүшелігіне енді. Соның ішінде 10 халықаралық қаржылық ұйымдар: Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропа қайта құру және даму банкі, Ислам банкі сияқты беделді қаржылық орталықтар бар.

Айтылған мысалдар Қазақстанның халықаралық қатынастардың толыққанды субъектісіне айналғандығын дәлелдейді. Алдағы мақсат – әлем мемлекеттерімен тығыз байланысты ел халқының материалдық әл-ауқатының елеулі жақсаруына қызмет еткізу. Ол үшін бірінші кезекте Қазақстан өзімен дос мемлекеттер қатарында бейбіт және еркін дамуы керек. Елге жау ортаның болмауын ұдайы қадағалап отыруға тиіспіз. Себебі Азия мен Еуропаның ортасында тұрған Қазақстанның әлемдік басым державалар үшін геосаяси, геоэкономикалық маңызы үлкен. Ресей, Қытай, АҚШ, Иран, Түркия, ЕО мемлекеттерінің өз мүдделері мен көкейкесті мақсаттары бар. Қытай үшін, мысалы, Қазақстан – шикізат көзі, тауар рыногы және Жібек жолы белдеуіне кіретін транзиттік дәліз. Бүгінгі мақсат – мүдделер жиынтығын дұрыс бағалап, тарқата білуде. Қазақстанның халқына, экономикасына, инфрақұрылымы мен болашағына пайдалы трендтерге ден қою. Өз мүддемізді батыл және тиімді шаралармен қорғап отыру. Ешбір елге жалтақтамай, өзімізде мұнай өңдеу зауытын салуға тиіспіз. Уранды да кен қалпында сатуды тоқтатқанымыз жөн. Өйткені бұлар орасан пайда әкелетін мәселелер болып табылады. Алдағы уақытта мемлекетті қуатты ететін, халықтың әл-ауқатын жақсартатын қандай да болсын шараларды батыл іске асыру сыртқы саясаттың маңызды міндетіне айналуға тиісті. Сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы саясаты елімізге әлемдік өркениеттің, демократияның, азаматтық қоғамның, құқықтық мемлекеттің және рухани тәрбиенің ең озық үлгілерінің насихатталуына және енуіне атсалысуы тиіс. Онсыз Қазақстан әлемдік интеллектуалдық дамуда артта қалып қояды. 

Рауан МУТАИР
29.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 142
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 47
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 137
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 142
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 329
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 322
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 945

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9018
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8414
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11641
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9397
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10624