Шымкентте бейнебақылау камераларын орнату үшін қалалық полиция департаменті мекенжай бағдарламасын әзірлеген. Мекенжай бағдарламасында 1500 жалпы бақылау, 200 желілік учаскеге және жол қиылысына 100 камераны орнату жоспарланған болатын. Бұл Шымкентте жол және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы қала әкімінің тапсырмасына да сәйкес келіп отыр. Ұлттық бейнемониторинг жүйесін құра отырып, бейнебақылау камераларын көбейту туралы қала басшысының тапсырмасы бар.
Бүгінде бағдарламаға сәйкес 1115 жалпы бақылау, 197 желілік учаскеге және 3 көше қиылысына бейнебақылау камералары орнатылып, жұмыстар жалғасуда. Барлық камераларды бақылап отыру үшін деректерді өңдеу орталығы құрылды. Аталған жұмыстар қазан айының соңына дейін аяқталса, бейнебақылау камералары толық іске қосылады.