Бензин қымбаттайды Жаңадан тағайындалған ескі министр жұмысын осылайша бастады

Бензин қымбаттайды  Жаңадан тағайындалған ескі министр жұмысын осылайша бастады

Қазақстанның Әлихан Смайылов жетекшілік ететін ескі әрі жаңа үкіметінің сайлаудан кейінгі алғашқы шешімі жанар-жағармай бағасын қымбаттатумен басталды. Министрлер кабинеті сайлау науқаны аяқталғаннан кейін бірден қазақстандықтарға тосынсый жасады: 12 сәуірден бастап АИ-92 және АИ-93 бензинінің бағасы литріне 182-187 теңгеден 205 теңгеге дейін шамамен 11%-ға көтеріледі. Ал дизель отынының бағасы 20 пайызға – 295 теңгеге дейін қымбаттайды. Бұл туралы дүйсенбі күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика министрі міндеті атқарушы Болат Ақшолақов айтты. Жасыратыны жоқ, Қазақстанда жанар-жағармай бағасы көтерілген бойда тауарлар мен қызметтердің барлық дерлік түрінің бағасы шарықтайды. Бірақ Энергетика министрі Болат Ақшолақов олай ойламайды. Оның пікірінше, жанар-жағармай құнының жалпы инфляцияға әсері аз. «Жанар-жағармай бағасының қымбаттауы, меніңше, бұл шын мәнінде асырасілтеу сияқты. 2021 және 2022 жылдардағы статистикаға қарасаңыз, жанармай бағасы өзгерген жоқ, бірақ тауарлар осы уақыт ішінде өз жолымен қымбаттап жатты. Сондықтан бұл айтарлықтай өсім болады деп ойламаймын. Тағы бір мәселе, қымбатшылықты бақылау керек. Сондықтан, әрине, біршама өсім болады. Бірақ оның бәрі жоспарланған инфляция шегінде болады деп ойлаймын. Жалпы инфляцияға жанар-жағармай бағасының үлесі көп болады деп ойламаймын»,  – деп сендірді Ақшолақов барлығын.

 

РАУАН АЛМАСҰЛЫ
06.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 147
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 143
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 657
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 777
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 690
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 700

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8840
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8237
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11464
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9221
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10448