Берекелі де мерекелі күз

Берекелі де мерекелі күз

Қызылорда өңірінде өсірілетін негізгі дақыл – Сыр күрішінен, басқа да ауылшаруашылық дақылдарынан биыл да мол өнім алынды. 

Осынау игілікті істе көш бастап келе жатқан Шиелі ауданында «Алтын күз – 2021» мерекесі өтіп, «қос тойың қатар болсын» деп қазақ айтпақшы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың 130 жылдың мерейтойы бірге өткізілді. Осынау игілікті іс-шара «Жалпақ жұртқа аты мәлім Жақаев» атты республикалық ғылымдық-танымдық конференциядан басталды. Жарты ғасыр күріш өсірумен айналысқан даңғайыр диқан 1947 жылы әлемде бірінші болып гектарынан 171 центнер күріш дақылын алып, Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Қарапайым күрішші өз бақытын осылай еңбектен тапқан еді. Ы.Жақаев бұл жетістіктерімен тоқтап қалған жоқ. Жоғарғы марапатқа екінші мәрте ие болып, көптеген ізбасарлар тәрбиеледі. «Жақаевшылар қозғалысы» елімізде кеңінен етек алды.

Конференцияда Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, ауылшаруашылығы ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі Қ.Бәкірұлы «Күріш сорттары және оның тұқым шаруашылығы», Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы И.Таутенов «Күріш шаруашылығында минералдық тыңайтқыштарды қолданудың өзекті мәселелері», Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» кафедрасының доценті С.Өмірзақов «Күріш дақылын өсіруде Жақаев атамыздың тәлімдері», Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасының профессоры, ҚР ҰҒА академигі А.Рау «Возделывание риса в Кызылординской области по технологии Ы.Жахаева» атты баяндама жасады.

Биыл Шиелі ауданы бойынша 30 189,5 мың гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдарын, оның ішінде 12 039 гектар күріш екті. Су тапшылығына байланысты негізгі дақыл күріш көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2 314 гектарға дейін азайтылып, орнына суды аз қажет ететін көкөніс, бақша дақылдары егілді. 

Ермаханов Асхат басқаратын «Жем жомарт Д» ЖШС-і 300 гектар күріштің әр гектарынан 80 центнерден өнім алып, 2400 тонна, Бердібаев Асқар басқарған «Алтын дән Шиелі» қожалығы 330 гектар күріштің әр гектарынан 80 центнерден өнім алып, 2640 тонна, Рахман Қоңырат басқаратын «Алтын дән» шаруа қожалығы 200 гектар күріштің әр гектарынан 65 центнерден өнім алып, 1300 тонна күріш өндірді.

 

Анархан МАРДАНОВА, Қызылорда облысы
04.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 55
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 164
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 164
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 308
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 308
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 530
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 480

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9183
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8582
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11810
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9579
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10791