Бесінші айда 5 мың іс-шара өтеді

Бесінші айда 5 мың іс-шара өтеді

Бесінші ай, яғни мамыр айында Ақмола өңірінде  Қазақстан халқының бірлігі,   Отан қорғаушылар күні және Жеңістің 78 жылдығы мерекесі аясында бес мыңнан астам іс-шара өткізу жоспарланғаны жайлы  өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин хабарлады.

Басшының хабарламасынан қысқаша:  «Биыл Халықтар бірлігі күнін мерекелеу ұлт-этностардың Әділетті Қазақстанның құндылықтарының айналасында бірлесуі және топтасуы атты ұранымен өтеді.

Мерекелік іс-шаралардың идеялық мазмұны өзара сенім мен азаматтық теңдік қағидаттары, барша қазақстандықтардың бір-біріне ізгі ниеті, әр азаматтың ел тағдырына жауапкершілігін сезінуі негізінде қазақстандық бірлікті дамыту, өркендеген мемлекетті жүйелі жетілдіру және бірлесіп құру тұжырымдамаларына негізделген.

Мерекелік шаралар әділетті мемлекеттілікті бірлесіп нығайтуға бағытталған қоғамның азаматтық-патриоттық топтасуын паш етуге, қоғамның қазақстандықтарды біртұтас ұлтқа біріктіру жөніндегі сындарлы бастамаларын ынталандыруға «Әр тарапты бірлік» әмбебап қағида негізінде Қазақстан халқының мәдениетінің  сан түрін қолдау және көтермелеу, қайырымдылық, ынтымақтастықпен тату көршілікті дәріптеуге бағытталып отыр. Бұл жоспарды дайындауға және өткізуге үкіметтік емес ұйымдардың, этномәдени, жастар бірлестіктерінің өкілдері атсалысты. 

Осы ретте өңірде бірлік күніне арналған іс-шаралар 24 сәуірден басталып, 28 сәуірде «Болашақ сарайы» Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылым өкілдерінің салтанатты кездесуі болады.

Облыстың барлық мектептері мен колледждерінде «Достық күні» және «Бірлік сабақтары» өткізіліп,  әлеуметтік желі арқылы «Бір шаңырақ астында» тақырыбымен түрлі акциялар, роликтер мен челлендждер ұйымдастырылады. 

Негізгі іс-шара 1 мамыр күні Көкшетау қаласының Қопа көлі жағажай аумағында өңірдің  шығармашылық ұжымдарымен Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің қатысуымен «Бір шаңырақ астында» және «Достық дәмі» облыстық фестивалі өтеді.

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеу әскери дәстүрлердің сабақтастығымен, мемлекеттің бейбітшілігі мен тәуелсіздігін сақтау және насихаттау мақсатында «Дәстүр бойынша, бұл күндері Қазақстан әскерінің беделін арттыруға, қатардағы қазақстандықтардың рухы мен патриоттық сезімін нығайтуға, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы қызметтің имиджін арттыруға ықпал ететін қоғамдық маңызы бар іс-шаралар, әскери өнер байқаулары, мерекелік концерттер, патриоттық акциялар өтеді. Отан қорғаушылар мен Жеңіс күнін мерекелеудің бірыңғай мерекелік атрибуты қоғамда кең қолдауға ие болған мемлекеттік Ту түсіндегі патриоттық «Жеңіс лентасы» кеуде белгісі кең қолданыста болғаны  игі.  Биыл біздің қаһарман батырларымызды еске алуға арналған «Ер есімі – ел есінде» атты онлайн акциясы осы мақсатта арнайы құрылған платформада өткізілетін болады. Бұл қазақстандық батырлар туралы барлық ақпаратты жинақтауға мүмкіндік бар. 

Сонымен қатар, 9 мамыр күні майдангер батырлардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімдері барлық жерде өтеді. Көкшетауда Мәңгілік алау және Мәлік Ғабдуллин мен Талғат Бигелдиновтың ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылады. 

Өңіріміздің елді мекендерін мерекелік безендіру мақсатында 150-ден астам тақырыптық баннерлер орнатылады. Жалпы, облыс бойынша Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңістің 78 жылдығын мерекелеу аясында 5000-нан астам іс-шара өткізу жоспарланған, – деп, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин сөзін түйіндеді. 

 

ДАХАН ШӨКШИР
28.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 101
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 101
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 619
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 737
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 649
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 658

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8793
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8194
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11421
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9175
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10407