Биатлон: Шаңғылы мергендеріміз көш соңында қалды

 Биатлон: Шаңғылы   мергендеріміз  көш соңында қалды

Бейжің Олимпиадасының кезекті жарыс күнінде биатлоншылар арасында спринт өтіп, норвегиялық ағалы-інілі Белер жеңіс тұғырына көтерілді. 10 шақырым қашықтықта сынға түскен спортшылардың арасында норвегиялық Йоханнес Бё Бейжің Олимпиадасының чемпионы атанды. Екінші орын Франция атлеті Кентен Фийон-Майеге бұйырса, қола медальді жеңімпаздың ағасы норвегиялық Тарьей Бё қажығасына байлады. Қазақстан намысын қорғаған Александр Мухин мен Владислав Киреев үздік жиырмалықтың қатарынан көрінген жоқ. Олар көштің соңын жинап, Александр Мухин – 49-ы, Владислав Киреев 77-і орынға жайғасты. Екі спортшымыз да нысананы дәлдеу кезінде бір мәрте мүлт кетті. Спортшылардың көрсеткіштері: 1. Йоханнес Бё (Норвегия) – 24:00.4 (0+1) 2. Кентен Фийон Майе (Франция) – +25.5 (1+0) 3. Тарьей Бё (Норвегия) – +38.9 (0+1) ... 49. Александр Мухин (Қазақстан) – +2:36.8 (1+0) 77. Владислав Киреев (Қазақстан) – +3:21.3 (1+0). 

Ал, әйелдер арасында 10 шақырымда сынға түскен отандасымыз Галина Вишневская-Шепоренко 52-і орыннан аса алмады. Бұл қашықтықта норвегиялық Марте Ройселанн Бейжің Олимпиадасының чемпионы атанды. Күміс медаль Шведция спортшысы Эльвира Эбергке бұйырса, үшінші орынды тағы бір норвегиялық Тириль Экхофф алды.

Ермек САХАРИЕВ
17.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4781
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4947
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19897
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18550
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22005