БИДАЙ ӘКЕЛУГЕ САЛЫНҒАН ТЫЙЫМ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

БИДАЙ ӘКЕЛУГЕ САЛЫНҒАН ТЫЙЫМ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі тұқымдық бидайды қоспағанда, 2023 жылдың 10 сәуірінен бастап 6 ай мерзімге автомобиль көлігімен Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым салған болатын. Сәуір айында Ауылшаруашылығы вице-министр Ербол Тасжүреков Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте бірнеше жылда отандық астық нарығы шекаралас елдерден бидайдың контрабандалық импорты салдарынан шығынға ұшырағанын хабарлады. Салалық қауымдастықтардың мәліметтері бойынша, «сұр» импорт көлемі жылына 1,5-2 миллион тоннаға жетеді, ал мемлекетке келтірілген жалпы шығын жыл сайын 500 миллион доллар мөлшерінде бағаланады.

Бұл ретте ішкі нарықта бағаның төмендеуі байқалады. Мәселен, 2022 жылдың шілде айының басынан бастап бидайдың құны тоннасына 170-185 мың теңгеден 80-85 мың теңгеге дейін төмендеген. Павлодар облысы, сондай-ақ Ресеймен шекаралас Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары заңсыз астықты қабылдау және транзит бойынша антилидерлер болып саналады. Әкелінген бидай ҚҚС төлемей, шаруа қожалықтарына және жасырын кері экспорт түрінде ресімделіп, транзиттік тариф төлеместен Ауғанстан мен Орталық Азия елдеріне жіберіледі.
Спикердің айтуынша, «Сұр импорттың» түсімін азайту үшін бидай импортын, ең алдымен ҚҚС төлемей, автомобиль көлігімен әкелуді шектеу шараларын қабылдау қажет болды. Бұл отандық бидайдың құнын төмендетеді және оған сұранысты азайтады.
Ал жуырда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сау­да және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төраға­лы­ғы­мен өткен сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) отырысының шешімімен қатысушылар Қазақстанға бидай әкелуге тыйым салуды белгілі бір шектеулермен тағы 6 айға ұзарту туралы ортақ пікірге келді.
Шешім бидайды елімізге әкелудің және оны Ресей Федерациясымен шекаралас аймақтарынан автомобиль көлігімен реэкспорттаудың «сұр схемаларын» бол­дыр­мау мақсатында қабылданды. Бұл ретте отандық ауылшаруашылық тауарын өндірушілерді тұқым материалымен қамтамасыз ету мақсатында тұқымдарды автокөлікпен жеткізуге рұқсат етіледі. Бірақ бұл жағдайда партиялар тұқымның сапасы туралы куәлікпен қоса бірге жүруі керек.
Бұдан бөлек лицен­зияланған элева­торлардың, астық өңдеушілердің, құс шаруашылығы кә­сіпорын­­дарының атына жеткі­зілім­дерді қоспағанда, импорт­тық бидайды Қа­зақстан аумағына және теміржол көлігімен әкелу шектеледі. Автокөлікке тыйым салуды ұзарту және теміржол шектеулерін енгізу туралы бұйрықты Ауылшаруашылығы министр­лігі әзірлейді.

Аяулым Жаманқара,Арай газеті
28.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 137
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 57
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 174
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 171
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 137
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 282
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 284
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 498
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 457

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9154
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8554
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11781
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9549
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10762