2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасымен Президенттік Жастар кадрлық резервінің үлгісі бойынша білім берудегі өзгерістердің көшбасшыларын іріктеу және даярлау жөніндегі жобасы іске асырылуда.
Кадрлық резервке тіркелген үміткерлер 6 айдың ішінде іріктеуден өтіп, жеке, кәсіби, басқарушылық, аналитикалық дағдылар мен құзыреттерін дамытты.
Барлық 5 кезеңнің қорытындысы бойынша Республикалық кадр резервіне 208 кандидат кірді. Оның ішінде Жамбыл облысынан 7 үміткер, оның 2-і Жамбыл ауданынан:
- Туғанбаева Марал Тиыштықбайқызы - Жамбыл ауданы Гродекова орта мектебі директорының оку ісі жөніндегі орынбасары,
- Мырзашова Нургиза Абдигалиевна - Жамбыл ауданы Шайқорық орта мектебі директорының орынбасары.
Бүгін аталған кадр резервтегі үміткер Туғанбаева Марал Тиыштықбайқызы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданының білім бөлімінің Гродеково орта мектебінің директоры лауазымына тағайындалды.