БИНАЗАРДА НАУБАЙХАНА АШЫЛДЫ

БИНАЗАРДА НАУБАЙХАНА АШЫЛДЫ

Шалғай жатқан Мойынқұм ауданы, Биназар ауылында наубайхана ашылды.

Наубайхананы жеке кәсіпкер Мәншиева Ботагөз ашты. Бұл "Ауыл аманаты" пилоттық жобасы аясында 2,5% несие алып, жобалық құны 6 млн тг, қуаттылығы 700 нан ( бөлке, лаваш, көмеш нан) құрайтын наубайхана. Республикалық трасса бойында орналасқан бұл наубайхана қазірдің өзінде жол бойындағы дүкендер мен кішігірім асханаларды ыстық нанмен қамтамасыз етуді бастап кеткен. Наубайхананың ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Е. Әмірханов қатысып кәсіпкердің ісіне табыс тіледі, Биназарлық ақын-сазгер Б. Әбішев арнау арнады, ал ауыл ақсақалы Б. Қияшұлы ақ батасын берді. Осыдан жиналған қауым кәсіп иесі Б. Мәншиеваның қолынан ыстық наннан ауыз тиіп кәсібінің нәсібін көруін тіледі.
Мойынқұм ауданы әкімдігі
07.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14338
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14267
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29408
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28046
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31575