Бір жылда 2 мәрте жалақыны өсірген университет

Бір жылда 2 мәрте  жалақыны өсірген  университет

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – ректор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев онлайн және офлайн форматта есептік кездесу өткізді. Ректор жоғары оқу орнының білім беру және ғылыми-зерттеу жұмысы, инфрақұрылымын жаңғырту және әлеуметтік мәселелері туралы баяндады. Сондай-ақ 2020/21 оқу жылындағы негізгі нәтижелерді талдап, көшбасшы университеттің алдағы даму жоспарын таныстырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жыл сайынғы жолдауында: «Қазақстандық білім мен ғылымның алдында ауқымды, кезек күттірмейтін міндет тұр – тек жаңа тенденцияларға ілесіп қана қоймай, сонымен қатар бір қадам ілгерілеп, тенденциялар қалыптастыру қажет», – деген болатын.

ҚазҰУ ректоры Ж.Түймебаев «университет тарихының, оқытушылардың, ғалымдардың және студенттердің кәсіби деңгейінің жоғарылығының арқасында университет жаһандық бәсекеге қабілеттілікке ие» екенін атап өтті.

Посткеңестік кеңістікте тек екі оқу орны әлемнің топ-200 үздік университеттерінің қатарына кіреді. Олар – М.В.Ломоносов атындағы ММУ (78-орын) және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (175-орын). Сондай-ақ университет жоғары бағаға қол жеткізіп, «QS Stars Rating System» халықаралық рейтингісінде «Бес жұлдыз» артықшылығына ие болған Орталық Азия өңіріндегі алғашқы және жалғыз жоғары оқу орны.

Білім ордасы университеттің кадрлық әлеуетін дамытуға ерекше назар аударады. Оқытушы-профессорлар құрамының штат саны шамамен 2,9 мыңды құрайды, оның ішінде 1,2 мыңнан астам докторлар мен ғылым кандидаттары және 350-ге жуық PhD докторлары бар.

Университет профессорларының арасында ҚР Ұлттық ғылым академиясының 10 академигі мен 7 корреспондент-мүшесі, ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың 14 лауреаты бар.

ҚазҰУ-дың 400-ден астам оқытушысы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» грантының иегерлері. Бұл республика бойынша 20 пайызды құрайды. Грант аясында оқытушылар әлемнің жетекші университеттері – Гарвард, Йель, Стэнфорд, Берклиде біліктілік арттырды. Халықаралық конференцияларға қатысып, монографиялар мен оқулықтар шығарды. Университеттің 40-тан астам профессоры Венгрия, Германия, Моңғолия, Франция, АҚШ, Ресей, Түркия, Өзбекстан және басқа елдердің университеттерінде дәріс оқыды.

Оқытушыларды материалдық ынталандыру мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Мәселен ағымдағы жылдың өзінде жалақы екі рет көбейді. Бірінші рет ақпан айында 20 пайызға, екінші мәрте Білім және ғылым министрінің нұсқауына сәйкес 1 қыркүйекте көбейтілді. Енді оқытушылардың ең төменгі жалақысы – 285 мың, аға оқытушы үшін – 312 мың, доцент үшін – 389 мың, профессор үшін – 500 мың теңге. Ресми жаңа жылда тағы да көбеймек.

Жалпы алғанда университет елдегі грант иегерлерінің жалпы санының шамамен 7 пайызын қабылдады. Әлемнің 50 елінен 2,4 мыңға жуық шетелдік студенттер білім алуда. Біз 2025 жылы шетелдік студенттердің үлесін 25 пайызға дейін жеткізу міндетін қойдық. Бұл мақсатқа жету үшін Түркияда, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Арменияда филиалдар ашылады.

Түлектердің жұмысқа орналасуы орта есеппен 94 пайызды құрайды. 2021 жылы біз әлемдегі ең жақсы университеттердің QS рейтингісінде түлектердің жұмысқа қабілеттілігі бойынша үздік 201-250-ге кірдік. «Жұмыспен қамтылған түлектердің үлесі» көрсеткіші бойынша университет әлемде 55-орында.

Бүгінде университет еліміздегі ғылыми жобалар мен ғылыми            жарияланымдар саны бойынша көшбасшы. Рейтингтік басылымдардағы әрбір бесінші қазақстандық жарияланым университетке тиесілі. Университеттің бес ғылыми журналы Халықаралық деректер қорына кіреді. Еліміздің ғылыми-техникалық дамуының маңызды басымдықтары бойынша жалпы бюджеті 7,7 млрд теңгеден асатын 500-ге жуық ғылыми жоба іске асырылуда. Біздің ғалымдар 400-ден астам патенттер мен авторлық куәліктерге ие болды.

Университет басымдықтарының бірі білім алушыларды әлеуметтік қолдау болып табылады. Әлеуметтік осал санаттағы 1000-нан астам «өте жақсы» және «жақсы» оқитын студенттер, жоғары спорттық жетістіктері үшін оқу ақысына 10-нан 25 пайызға дейін жеңілдік алады.

Сондай-ақ дарынды студенттерді қолдау үшін демеушілік қаражатты белсенді түрде тартамыз. Демеушілеріміздің қатарында 650 білім алушыға стипендия төлейтін 50-ден астам ұйым мен компаниялар бар.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері қазақстандық және халықаралық спорт аренасында белсенді өнер көрсетуде. Токио                          олимпиадасында студенттер мен түлектер төрт қола медаль алып келді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – бұл студенттер қаласы. Мұнда            республиканың барлық өңірлерінен келген жастар оқиды. Кампус аумағында толыққанды білім беру мен бос уақытты өткізуге арналған тұтас кешен жұмыс істейді: жаттығу залы, спорт алаңдары және секциялары бар спорт кешені, студенттерге арналған білім беру, медициналық және әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсететін «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, 300 орындық интернет-кафе, сондай-ақ жеке кинотеатр бар.

Сондай-ақ шамамен 70 000 м2 қосымша аудиториялық қор мен зерттеу зертханаларына қажеттілік бар. Осыған байланысты қазіргі оқу корпустарын түбегейлі жаңғырту және жаңаларын салу талап етіледі. Айталық 2,5 мыңнан астам оқытушы мен қызметкер тұрғын үйге мұқтаж.

Аталған мәселелерді шешу үшін университет ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ-мен бірлесіп, жатақханалар салу үшін әлеуетті инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ қаржыландырудың түрлі тетіктері қарастырылуда және сыртқы инвестицияларды тарту жоспарлануда.

Университет басшысының баяндамасынан соң, студенттер, оқытушылар мен БАҚ өкілдері өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды. Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар мәселелерді басшылық бақылауында және келіп түскен барлық ұсыныстар өз деңгейінде қаралатын болады.

ҚазҰУ баспасөз қызметі

Редакциядан: Жалпы ректор Жансейіт Түймебаев мырза қай жерде жұмыс істесін, жаңашылдығымен, іскерлігімен көзге түскен азамат. Университетке келгеніне 7 ай ғана уақыт болса да, қыруар істер атқарып жатыр екен. Солардың ішінде жалақының бір емес екі мәрте өсуі, шешілмейтін түйін баспана мәселесін шешуге тырысуы,  сондай-ақ тағы да ондаған жатақханалар салуға айқын жоспар жасауы сүйсінерлік нәрсе. Баяндамада айтылмаған бір көкейкесті мәселе  ҚазҰУ-да шәкірттердің оқу ақысы қымбат. Бұл түйінді мәселе шешіле ме, әлде...

ҚазҰУ баспасөз қызметі
07.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 228
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 364
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 364
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 595
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 538

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9242
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8639
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11865
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9636
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10847