БІРЛЕСКЕН ОҚУ – ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

БІРЛЕСКЕН ОҚУ – ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Өрт – аса қатерлі тілсіз жау. Тілсіз жаудың адам мен орын таңдамайтыны белгілі. Сондықтан бұған бей-жай қарауға болмайды. Айтып келмейтін апаттардан сақтану да күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі.
❗Бүгін дала өртінің алдын алу, табиғи өрттердің таралуына тосқауыл қою мақсатында Жамбыл және Түркістан облыстарының орман шаруашылығы мекемелері, мемлекеттік өрт сөндіру бөлімдері, қала және ауылдық округі әкімі аппараттарының қатысумен орман және дала өрттерін сөндіру кезіндегі өзара іс-қимылы жөніндегі бірлескен оқу- жаттығу жиыны өтті.
❗ Оқу-жаттығу жиынына Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Мадияр Жатқанбаев, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау майоры Абылай Баянов, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті КСБ ӨҚ және ЖҚИТ бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Ербол Несіпбай, Жамбыл облысы Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің ҚӨСҚ азаматтық қорғау подполковнигі Айдар Баймаханбетов, Түркістан облысы Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары ұйымдастыру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Тимур Ыбрахим, Жаңатас қаласы №16 ӨСБ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Самат Исмайлов, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Әділ Жақыпов, Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Аманов, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Сарысу ормандары және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің директоры Данияр Башанов қатысып, оқу-жаттығу жиынына қатысқан өрт сөндіру бөлімдерінің, орман шаруашылығы мекемелерінің әрбір жеке құрамдарының, ауылдық округтердегі ерікті жасақтардың және медициналық қызметкерлердің дайындығын мұқият қарап шықты.
❗ Оқу- жаттығу жиынында аудан әкімі Сәкен Мамытов сөз сөйлеп, өткізіліп жатқан шараның жеке құрамның өзара тәжірибе алмаса отырып, шеберлігін шыңдауда маңыздылығының зор екендігіне тоқталды.
Кәсіби құрамның шеберлігін шыңдау, жеке құрамдардың, ерікті жасақтардың арасындағы байланысты қамтамасыз ету мақсатында өткен оқу-жаттығу барысында мамандар өрт аумағын дереу ауыздықтап, от шарпыған аумақты өшірді.
Ситуациялық сәтті бақылап отырған басшылық құрам өткізілген оқу-жаттығуға оң бағасын берді.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
14.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 126
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 163
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 159
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 126
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 269
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 274
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 486
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 446

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9144
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8542
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11771
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9536
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10750