«Бірлік оты» символдық құндылық ретінде бағалануы тиіс!

«Бірлік оты»  символдық  құндылық ретінде бағалануы тиіс!

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Балаева Аида Ғалымқызының назарына!

Құрметті әріптестер!

Сіздердің 2026 жылғы 13 сәуірдегі №ЖТ-2026-01173278 хатыңызға жауап ретінде жолдаған түсіндірмелеріңіз бен пікірлеріңіз үшін алғысымды білдіремін.

Аталған жауапта «Бірлік оты» рухани-мәдени акциясының Маңғыстау өңіріндегі маңызы, оның тарихи жадыны сақтау мен қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлі атап өтілгені – бастаманың мәнін дұрыс түсінудің белгісі деп қабылдаймын.

Сонымен қатар, ұсынысты тек өңірлік деңгейде қарастыру жеткіліксіз екенін атап өткім келеді.

«Бірлік оты» рәсімі мен Амал мерекесі – халықаралық Наурыз мейрамымен мазмұндық тұрғыда сабақтасып жатқан, көшпенділер өркениетінің және түркілік дүниетанымның терең қабаттарынан бастау алатын біртұтас рухани-мәдени жүйенің құрамдас бөлігі. Бұл – ұлттың тарихи жадында сақталған және қазіргі болмысында жаңғырып отырған дәстүрлік-ғұрыптық қағидалардың көрінісі.

Осы тұрғыдан алғанда, Амал мерекесін жыл басы ретінде, ал «Бірлік оты» рәсімін ұлттық мерекелік салтанаттың символдық өзегі ретінде қарастыруға толық негіз бар деп есептеймін.

«Бірлік оты» тек өңірлік бастама ретінде емес, ұлттық бірегейлікті айқындайтын символдық-идеологиялық құндылық ретінде бағалануы тиіс.

Қазақстан Республикасының әр өңірінде мәдени ерекшеліктердің болуы заңды құбылыс болғанымен, оларды біртұтас ұлттық идеямен ұштастыратын ортақ символдар мен рәсімдердің қалыптасуы – мемлекеттік деңгейдегі маңызды міндеттердің бірі.

Осыған байланысты, «Бірлік оты» бастамасын:

– ұлттық деңгейдегі идеологиялық және мәдени жоба ретінде;

– Қазақстанның рухани бірегейлігін нығайтатын символдық модель ретінде;

– түркі әлемімен сабақтас мәдени-өркениеттік құбылыс ретінде;

– жыл басын айқындайтын ұлттық мерекелік салтанаттың құрамдас бөлігі ретінде

қайта сараптап, тиісті ұлттық деңгейдегі ғылыми және идеологиялық алаңдарда қарастыруды сұраймын.

Аталған бастама жиырма жылдық тәжірибеде өзінің өміршеңдігін дәлелдегенін, халық тарапынан қолдау тапқанын және ұлттық мазмұнға ие болғанын ескере отырып, оны мемлекеттік деңгейде жүйелеу уақыт талабына сай келеді деп есептеймін.

Осы ұсынысты кешенді түрде қайта қарастырып, ұлттық деңгейдегі тиісті шешім қабылдау мүмкіндігін қарастыруыңызды сұраймын.

Құрметпен, Сабыр Адай Шеркешбайұлы,

«Адай ата – Отпан тау» этно-мәдени орталығы

 тұжырымдамасының авторы,

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері,

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

15.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

КӨКБӨРІ
- 09.04.2026 183

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24418
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24082
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41528
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37434
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41788