БІРЛІКТІ БЕКЕМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР МАСАНШЫ АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

БІРЛІКТІ БЕКЕМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР МАСАНШЫ АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ
Бүгін Масаншы ауылдық округіндегі тұрғындар арасында қоғамдық келісім мен бірлікті насихаттау мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырылды.
Ең алдымен 2020 жылдың ақпан айында ауданымызда орын алған оқиға кезінде қаза тапқан азаматтарды еске алуға арналған Құран бағыштау рәсімі өтті. Еске алу шарасына Қаракемер, Қарасай, Күнбатыс, Қызылсай, Еңбек, Өтеген, Қарасу, Ауқатты, Масаншы, Сортөбе, Бұлар батыр ауылдарының ақсақалдары мен жастары да қатысты. Шараға арнайы келіп қатысқан Жамбыл облысының имамы Мырзагелдиев Бейбіт Әліпбекұлы жиналған қауымға елдегі бейбітшілік пен келісімнің маңызы жайында айтып, береке-бірлікте өмір сүруге шақырды. Осы күні «Отанды қорғау – азаматтық парыз» тақырыбында округ жастарымен аудандық ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтіп, Отан алдындағы азаматтық борышты өтеу қасиетті парыз екенін жас ұрпаққа ұғындырды. Сондай-ақ, міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры мен аудан әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, мүгедек балалардың ата-аналарымен кездесу ұйымдастырып, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар жайы түсіндірілді. Масаншы ауылындағы кәсіпорын қызметкерлері арасында достық қарым-қатынысты нығайту мақсатында волейболдан турнир ұйымдастырылды.
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
01.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 326
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 319
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 172
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 472

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18235
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18096
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33283
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31834
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35550