Бисендіктер бір қуанып қалды

Бисендіктер бір қуанып қалды

Батыс Қазақстан облысына қарасты Бөкей ордасы ауданында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жаңа нысан пайдалануға берілді.  

Осы ауданның Бисен ауылында қоныстанған тұрғындар елді мекенге мәдениет үйі қажет екенін осы кезге дейін айтып келген. Жаңа жылда сол мәселе шешімін тауып, жаңа мәдениет үйі ел игілігіне берілді. Бұл туралы бізді аудан әкімдігі хабардар етті. Нысанның ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласы қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты.

Бисендіктерді құттықтаған облыс әкімінің орынбасарыТ.Каюпов: – Кез келген мемлекеттің өркендеуі – сол елдің мәдениеті мен өнеріне байланысты. Мәдениет – тіршіліктіңтірегіұлы істерге ұйыстырудың бірегей тетігіСондықтанқұнды мұраларымызды асқақтата түсу – бәріміздің ортақпарызымыз. Бүгінде облыста 680 мәдениет мекемесіхалыққа қызмет көрсетуде. Соңғы жылдары өңіріміздің мәдени-рухани өмірінде маңызы зор нысандар пайдалануға берілуде. Оның бәрі жергілікті тұрғындарға тиімді, үздіксіз қызмет етуі тиіс, – деп, өңірдің мәдениет саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала кетті. Сонымен қатар Бисен ауылының тумасы, ел ағасы Қуаныш Есеев ауылдастарының атынан ризашылығын білдіріп: – Бұл ғимарат – ауыл тұрғындарының көптен бері көтеріп келе жатқан мәселелерінің бірі. Жаңа мәдени нысан ауыл халқының бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді, деп, жылы лебізін жеткізді. Ал аудан әкімі Н.Даумовнысанның құрылысын жүргізген мердігер «Қалдығайты» ЖШС-ның бас мердігері Абылай Нұрмұқанбетке алғыс хат табыстады. Бұдан соң «Мәдениет үйінің» символикалық кілті Бисен ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Екатерина Мукешеваға табыс етілді. Қонақтар мен ауыл тұрғындары 

жаңа үлгіде жабдықталған мәдениет ошағымен танысты.Шараға қатысушылар «Бөкей» театры дайындаған «Қара шекпен» қойылымын тамашалап, қуаныштарын еселеді

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінен берілген мәліметке сүйенсек, өткен жылы ауданда «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде мәдениет саласы бойынша Хан ордасы ауылының мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жыл соңында пайдалануға берілген. Сонымен қатар осы жоба аясында аудан орталығы – Сайқынның ауылішілік жолдарын жөндеу жұмыстары биылғы жылға жоспарланыпты.

Ләззат ҚАЖЫМОВА

Батыс Қазақстан облысы

21.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 45
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 153
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 41
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 50
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 46
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 149
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 153
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 339
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 332
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 956

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9031
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8428
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11655
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9411
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10637