Шу ауданында халық саны жылдан жылға өскенін ескерсек, тиісінше тұрғындардың жерге деген қажеттілігі артып отыр.
Бүгінде Шу қаласында 5938 тұрғын кезекте тұрса, биыл 1449 тұрғынға жер берілетін болады. Сонымен бірге, жақын күндері Алға ауылдық округінен де 219 жер телімі ел игілігіне берілмек. Ал аудан орталығында 800-ден аса тұрғын жер теліміне қол жеткізеді. Бұл туралы аудан әкімі Сәкен Арубаев аппараттық кеңесте мәлімдеді.
Айта кететін жәйт, жер телімін алған тұрғындар үш жылдың ішінде үйдің құрылысын салуға міндетті. Олай болмаған жағдайда, әкімдік жер телімін қайтарып, кезекте тұрған келесі азаматқа беретін болады.