Биыл Жамбылда қоныстой көбейеді

Биыл Жамбылда қоныстой көбейеді

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев- тің төрағалығымен өткен кеңесте өңірдегі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, елді мекендердің сәулеттік келбетін жақсарту және абаттандыру саласында атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары мен онда туындаған өзекті мәселелердің барысы қаралды.

Жиында облыс әкімдігі құрылыс басқармасының басшысы Данияр Әбдібеков аймақтағы осы салаға қатысты жұмыс барысымен таныстырды. Оның айтуынша, биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жалпы құны 6,6 миллиард теңгені құрайтын 50 жоба, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» аясында жалпы құны 32,4 миллиард теңгелік 112 жоба, «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде жалпы құны 15,1 миллиард теңгені құрайтын 7 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
Осы жылдың сегіз айында жалпы алаңы 389,9 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін 698,7 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген. «Асар» жобасы шеңберінде жыл соңына дейін 105 үй салу жоспарланған.
– Құрылыс саласында шешімін күткен түйінді бірқатар мәселелер бар. Атап айтсақ, біріншіден, тәртіп нашар, яғни мердігерлер жұмыс кестесін сақтамайды, жобаны кестеден кешіктіреді. Екіншіден, құрылыс жұмыстарының сапасы. Үшіншіден, жосықсыз мердігерлермен жұмыс істеу. Барлық талаптардың орындалуына қатаң бақылау орнату қажет, – деді Ербол Қарашөкеев. Кеңесте, сонымен қатар энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев баяндама жасады. Оның айтуынша, жыл соңына дейін халықты таза ауыз сумен жабдықтау қызметімен қамту аудандарда 96,5 пайызға, қалаларда 97,5 пайызға дейін жеткізіледі. 9 мың адам тұратын 11 елді мекен табиғи газбен қамтылып, тұрғындарды газдандыру үлесі 91,1 пайызға арттырылады.
Облыста жалпы қуаттылығы 451,3 мегаватты құрайтын жаңартылатын энергия көздерінің 21 нысаны жұмыс істеп тұр. Оның 6-ы – су, 9-ы – жел, 6-ы күн электр станциялары. Бұл республикалық көрсеткіштің 20 пайызын құрайды.
Басқосуда сондай-ақ жылу беру маусымына дайындық және халықты көмірмен қамтамасыз ету мәселелері де сөз болды.
– Инвестициялық жобаларды сәтті жүзеге асыру үшін инфрақұрылым қолжетімді және сапалы болуы қажет. Бұл мәселеде біз облыстың әлеуетін барынша пайдалануымыз керек, – деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ облыс әкімдігі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Қайрат Бисембаев, қала құрылысы және сәулет басқармасының басшысы Айтқазы Қарабалаев, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықов, цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Руслан Нокрабеков те жиын барысында баяндама жасады.
Аймақ басшысы елді мекендердің сәулеттік келбетін жақсарту және абаттандыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу, «қызыл сызықты» бұза отырып салынған нысандарды анықтау, құрылыс саласындағы заң бұзушылықтарды жою жөнінде тапсырмалар берді.

Жұмаш Жолболды
28.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 83
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 49
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 117
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 117
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 38
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 83
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 227
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 232
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 444
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 407

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9104
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8502
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11730
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9495
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10711