БИЫЛДАН БАСТАП ЗЕЙНЕТАҚЫ 9 ПАЙЫЗҒА, ЖӘРДЕМАҚЫ 7 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ

БИЫЛДАН БАСТАП ЗЕЙНЕТАҚЫ 9 ПАЙЫЗҒА, ЖӘРДЕМАҚЫ 7 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ
Бұл жайында брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Бегман Нұрмаханов мәлімдеді.
«2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдері 9%-ға, ал жәрдемақылар 7%-ға өсіп отыр. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз Жолдауында зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрген азаматтарға 55 жастан бастап арнаулы әлеуметтік төлем енгізу бойынша тапсырма берген болатын. Аталған төлем 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтар үшін төлем 4 көзден яғни, Республикалық бюджет, өмірді сақтандыру қорынан, жұмыс беруші есебінен және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленеді. Ал жұмыс істемейтін төлемге құқығы бар азаматтар үшін Республикалық бюджет және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленеді», - деді департамент басшысы.
Спикердің айтуынша, Департамент 2023 жылы әлеуметтік қорғау саласы бойынша 16 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер аясында жалпы 122 109 қызмет көрсеткен.
«Жалпы облыс бойынша 793 766 адам мемлекеттен төлем бойынша зейнетақы және жәрдемақы алады. Оның ішінде: 190 195 адам – жасына байланысты зейнетақы алушы, 177 980 адам – базалық зейнетақы алушы, 425 591 адам – жәрдемақы алушы. Көпбалалы ретінде жәрдемақы алатын 120 549 отбасы, көпбалалы ана ретінде – 64 354 адам, мүгедектігі бойынша жәрдемақы алатын 75 262 адам, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 21 839 және басқа да жәрдемақы алушы – 143 587 адам бар. Зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау жұмыстары бойынша 2023 жылы барлығы 335 958 электрондық іс-құжат қаралып бекітілді. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың 1 қантар айында облыс бойынша мүгедектігі бар адамдардың саны - 98 247-ге жетіп, облыс халқы санының 4,6%-ын құрады. Мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 15,3 пайызы 18 жасқа дейінгі балалар болса, 84,8 пайызы - 18 жастан асқан ересектер», - деді Бегман Жамалбекұлы.
Департамент былтыр жалпы 27 370 адамды мүгедек деп таныған. Оның ішінде 6 151 адамға алғашқы рет мүгедектік тағайындалған. «Е-Собес» ақпаратттық жүйесінің мәліметіне сәйкес, 2023 жылы облыс бойынша мүгедектігі бар 63 131 адам оңалтудың техникалық құралдарымен қамтылып, әлеуметтік қызметтер көрсетілген.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
01.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 45
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 148
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 41
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 46
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 143
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 148
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 334
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 327
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 951

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9025
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8421
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11649
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9405
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10631