Біздің елде тілге қатысты мәселе жоқ

Біздің елде тілге қатысты мәселе жоқ

Елдегі этносаралық келісім, тіл мәселесіне қатысты пікір білдірген Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Павел Казанцев Facebook парақшасында: «Соңғы кездері әлдекімдер ушықтыра бастаған этносаралық келісім, тіл мәселелері туралы ойыммен бөліскім келеді. Біздің елде бұл мәселе бойынша проблемалар жоқ. Әртүрлі ұлт өкілдері әрқашан бір-бірімен бейбіт өмір сүрді, өзара түсіністікте ешқашан проблема болған емес. Қазақ тілі үлкен рөлге ие болуда. Түрлі ұлт өкілдері үшін бұл өмірдің ажырамас бөлігі. Қазіргі кезде Қазақстанда тұрып жатқан өзге этнос өкілдерінің қазақ тілінде еркін сөйлеуі таң қалдырмайды. Мұның бәрі эволюциялық жолмен, мәжбүрлеусіз жүріп жатыр. Біз бір-бірімізбен бейбіт өмір сүрдік, алдағы уақытта да солай жалғаса бермек»,— деп жазып, Қазақстандағы этносаралық жағдайға алаңдап отырғандарға ілеуде біреу кездесетін оқиғалар жағдайды тұтастай сипаттамайтынын айтты.  Депутат сөзін жоққа шығармағанмен, елдегі қазақ тілінің жағдайы мәз емес екенін жасырудың жөні жоқ. Мұны депутат та жақсы білсе керек. Сонда бұл не: шындықты бұрмалау ма, әлде көпшілікті «алдаусырату ма?

Ермек Сахариев

 

Ермек Сахариев
24.08.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14133
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14080
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29219
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27861
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31385