Біздің өңірде де Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің өкілі бар

Біздің өңірде де Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің өкілі бар
 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың 5 қарашасында «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл туралы» Конституциялық заңға қол қойғаны белгілі. Бүгінде Уәкілдің республикалық маңызы бар қалалар мен өңірлерде өз өкілі бар. Сондай-ақ оған нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру және азаматтарын құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру мақсатында белгілі бір құзыреттілікте берілген. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингінде Уәкілдің облыс бойынша өкілі Берікбол Байхожаев баяндады.
”Өз басым Уәкілдің облыс бойынша өкілі ретінде өткен жылы тағайындалдым. Мемлекетші қызметші болып табыламын және Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың облыс бойынша өкілдігінің қызметіне басшылық етемін. Өкілдіктің мекен жайы: Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі 18. Яғни, облыстық статистика департаменті ғимаратының бірінші қабатында орналасқан. Байланыс нөмірі: 8 (7262) 54-06-58. Өкіл Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің атынан және оның тапсырмасы бойынша өзінің функционалдық міндеттері шеңберінде өкілеттіктерді жүзеге асырады. Бұл ең алдымен, уәкілге өз құқықтарын қорғау үшін жүгінген әсіресе, ауылдық аймақтарда тұратын азаматтарға аса қажет, — деді Берікбол Ұзақұлы”.
✅Сондай-ақ спикер Уәкіл өз қызметін жүзеге асыру кезінде заңдылық, әділдік, бейтараптық, объективтілік, жариялылық, ашықтық, айқындық қағидаттарын және КР Конституциясында бекітілген басқа қағидаттарды басшылыққа алатына да кеңінен тоқталды. Ол өз сөзінде Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл адам және азаматтың негізгі құқықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің Ата Заңға сәйкестігі мәселелері бойынша Конституциялық Сотқа жүгіне алатынын атап өтті.
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
23.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 229
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 365
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 365
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 596
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 539

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9243
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8640
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11866
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9637
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10848