Бокс: Боксшыларымыз Азияда топ жарды

Бокс: Боксшыларымыз Азияда топ жарды

Иордания астанасы Амманда мәресіне жеткен бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 1-орынға ие болды. Қазақстандық боксшылар құрлық біріншілігінде жалпы саны 21 медаль жеңіп алды, соның алтауы – алтын, жетеуі – күміс, 8-і – қола. Өзбекстандықтар 13 медальмен (6 алтын, 3 күміс, 4 қола) екінші сатыда. Үндістандықтар 12 жүлдемен (4 алтын, 2 күміс, 6 қола) үздік үштікті түйіндеді.

Ерлер бәсекесінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы сапындағы Санжар Ташкенбай (48 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Айбек Оралбай (-92 кг) чемпион атанса, Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг), Серік Теміржанов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (+92кг) финалда қарсыласынан ұтылып, күміс жүлдегер атанды. Ал Саматәлі Төлтаев (60 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Сағындық Тоғамбай (86 кг) қола медаль алды. Барлығы 12 жүлде (3 алтын, 6 күміс, 3 қола). Ерлер арасындағы жалпы есепте 5 алтын, 2 күміс, 3 қоламен Өзбекстан құрамасы 1-орын алса, Қазақстан 2-орынға ие болды. Үздік үштікті жарыс қожайыны Иордания (2 алтын, 2 күміс, 1 қола) түйіндеді.

Әйелдер бәсекесінің қорытындысы бойынша Алуа Балқыбекова (48 кг), Жайна Шекербекова (54 кг) мен Карина Ибрагимова (57 кг) топ жарса, Гүлсая Ержан (81 кг) күміс медаль иегері атанған. Сондай-ақ Назым Қызайбай (50 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Мадина Нұршеева (66 кг), Дариға Шәкімова (70 кг), Ләззат Күнгейбаева (+81кг) өз салмағында үштікті түйіндеді. Әйелдер арасында Үндістан (4 алтын, 1 күміс, 1 қола) көш бастаса, 2-орын Қазақстанның (3 алтын, 1 күміс, 5 қола) еншісінде қалды. Одан кейін Жапония (1 алтын, 3 күміс), Оңтүстік Корея (1 алтын, 1 күміс, 4 қола), Өзбекстан (1 алтын, 1 күміс, 1 қола), Тайвань (1 алтын, 3 қола), Вьетнам (1 алтын, 1 қола) жайғасқан.

Айта кетейік, 31 қазанда басталған сары құрлық додасында ерлер 13, әйелдер 12 салмақта сынға түсті. Чемпионатты Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ережелерін негізге ала отырып, ұйымдастырды. 

Ермек Сахариев
17.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3951
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4135
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19070
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17742
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 21171