Болашағынан үміт күттіретін Амина

Болашағынан үміт күттіретін Амина

«Қазақстан – дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратын да – осы талантты ұл-қыздар. Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз», деп Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, ел ертеңі – бүгінгі жастар. Елімізде жастарға үлкен сенім артылып, көптеген мүмкіндіктер берілуде. «Оқимын, ізденемін, өсемін» деген жас болса мемлекет бетін қақпай белін бууда.  Павлодар қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 10-сынып оқушысы — Хамитова Амина Даниярқызы — білім мен шығармашылықты өз өмірінің басты бағдары еткен ізденімпаз жас. Ол — мектеп үздігі, белсенді оқушы, түрлі республикалық және облыстық деңгейдегі байқаулардың бірнеше мәрте жүлдегері.

Амина — талап пен табандылықтың, еңбексүйгіштік пен рухани ізденістің үлгісі. Ол болашақта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болуды армандайды. Өзіндік бағыты бар жас дарын жақында америкалық жазушы әрі мотивациялық тренер Стив Павлинаның: «Егер нәтиже қажет болса — оған өзіңіз талпынып, қол жеткізіңіз» деген сөзін оқып, оны ұлы Абайдың «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен еңбегің екі жақтап» өсиетімен үндестіреді.

Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Көзі ашық, көкірегі ояу кез келген білімді ұрпақ өз Отанын даму жолында аянбай тер төгеді. Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету әрбір жастың міндеті.Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады. Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек.

Аминаның айтуынша, жетістікке жетудің кілті — еңбекте, ал табысқа бастайтын жол — талпыныс пен төзімде. Соның дәлелі ретінде ол бірнеше беделді шығармашылық байқаулардың жеңімпазы атанған. 2022–2025 жылдары аралығында “Ақберен” республикалық шығармашылық оқуларының қала және облыс жүлдегері болды. Сондай-ақ “Мағжан оқулары”, “Әбіш оқулары”, “Ілияс оқулары”, “Менің кіші Отаным” байқауларында да үздік нәтиже көрсетті. Ақтау қаласында өткен республикалық “Әбіш оқуларында” III орын иеленді.

Ол — “Әлихан Бөкейхан” төсбелгісінің және “Тәуелсіздік ұланы” төсбелгісінің иегері, қалалық ғылыми жобалар байқауының жүлдегері. 2024 жылы Әлихан Бөкейхан атындағы кабинет пен ескерткіштің ашылу рәсімінде өлең оқып, лицейдің намысын жоғары деңгейде танытты. Сондай-ақ облыс әкімі Асайын Байханов пен ғылым және жоғары білім министрі Ғани Бейсембаевпен сұхбат жүргізуі — оның журналистика саласына деген қызығушылығының дәлелі.

Амина бос уақытын өз дамуына, әдебиет пен тіл саласындағы біліктілігін арттыруға арнайды. Ол үшін Абайдың «Ғылым таппай мақтанба...» өлеңі өмірлік ұстанымға айналған. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қазіргі көкірегі ояу жас ұрпақ отаншылдық деген сөзді басқаша қабылдайды. Жастардың басым көпшілігі әсіредіншілдікті, әсіреұлтшылдықты қолдамайды. Олар үшін патриотизмнің басты көрсеткіші – жасампаздық пен жаңашылдық.

Жастар «Елді сүю дегеніміз – халыққа пайдасы тиетін жаңалық ашу, жаңа іс бастау» деп түсінеді. Олар Қазақстанды дамыған, көркейген мемлекет ретінде көргісі келеді. Заманауи технологияларды меңгеріп, халқымызды озық ойлы ұлттардың қатарына қосуға талпынады.

Өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм – болашаққа деген шынайы ұмтылыс. Бұл – қоғам санасында болып жатқан өзгерістің айқын көрінісі. Мен мұны толығымен қолдаймын. Жастардың күш-жігеріне, олардың дарыны мен біліміне сенемін» деген болатын.

Амина  — білімге құштар, рухани бай, мақсаткер қыз. Ол болашағына сеніммен қарап, еліміздің дамуына өз үлесін қосатын білікті маман болуға ұмтылуда.

Гауһар Тұрсынқожа

28.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 292
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 486
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 496

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19166
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19027
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34179
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32743
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36551