Болашақты бастап берген Елбасы

Болашақты бастап берген Елбасы

Әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде тарихи да жасампаз жаңа дәуірге қадам басқанына биыл 30 жыл толды. Бүгінде Қазақстанның шаңырағы берік, мерейі үстем, беделі асқақ мемлекетке айналды. Елбасымыз аз ғана уақыттың ішінде мемлекетіміздің қарыштап дамуына, тәуелсіздік тұғырының нығаюына, халықтың әл-ауқатының артуына сіңірген еңбегі зор болды. 

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі Алматы қаласы, Жетісу ауданына қарасты №177 жалпы білім беретін мектебінде жыл сайын ауқымды түрде ұйымдастырылып, оқушылар мен ұстаздардың бірлесе отырып, атсалыса атқаратын бас мерекелерінің бірі болғандықтан, биылғы жылы да сол дәстүрден жаңылмай, жас мамандар бас болып, жаңаша леппен жарқын түрде аталып өтті. Оқушылардың бойында Тұңғыш Президентіміздің мемлекет алдындағы жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған мерекенің бастамасын мектебіміздің «Өзін-өзі басқару ұйымы» тәлімгер Жұмажан Әсемнің жетекшілігімен «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» тақырыбында қозғалмалы стенд дайындаса, «Болашақты болжаған кемел еңбек» атауымен кітап көрмесін кітапханашы Б.Қайыпбергенова ұйымдастырды. 

Айтулы мерекенің қарсаңында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ел алдындағы ерен еңбегімен қатар, жетістіктерін дәріптеу мақсатында мектебіміздің әрбір сынып жетекшісі апта бойы «Президентіміздің өмірбаяны – еліміздің өмірбаяны» тақырыпта тәрбие сағаттарын өткізу барысында оқушыларға еліміздің Тұңғыш Президентінің өмір жолын кеңінен таныстырды. Сонымен қатар мектепте жас мамандардың жекелеген ұйымдастыруымен мерекеге орай ашық сабақтар, интеллектуалдық ойындар, түрлі спорттық шаралар өтті. Атап айтқанда тарих пәнінің мұғалімі Р.Ақылбековтың ұйымдастыруымен өткен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойыны 11-сыныптың білімді жастарының қатысуымен өте тартысты өтті. Бірнеше кезеңнен тұратын бұл сайыста еліміздің тарихын қамтитын маңызды сұрақтар мен тапсырмалар орын алды. Оқушылардың да тарих пәніне, Қазақстанның тарихына деген қызығушылығы анық байқалды. Білімділер сайысында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып 11-сынып оқушысы Оспанов Жәнібек білімін паш етіп, І орын жеңімпазы атанды. Жас маман Беріков Дәуреннің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шаралардың ауқымы мейлінше жан-жақты терең, түрі мен мазмұны бірін-бірі байытып, толықтырып отырғанын атап айтуға болады. Тұңғыш Президент күніне орай жоспарлы түрде ұйымдастырған еңбегі көптеген оқушыларды жаңа қырынан тануға мүмкіндік берді. Жас буын санасына патриоттық сезім ұялатты. Соның бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих және археология кафедрасының меңгерушісі     Жұматаев Ринат Серікұлын оқушылармен жүздестіріп, тәуелсіздік тарихынан, тәуелсіздік жылдары кезінде табылған тарихи-көне жәдігерлердің зерттелуі мен мұражайларға табысталуы жайлы құнды деректер оқушылардың таным көкжиегін кеңейтті. Тарихи-көне жәдігерлердің тарих бетіне шығып, зерттелуіне баса мән берген Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбегін де атап көрсетті. 

Тұңғыш Президент күніне орай мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары Ж.Құрымбаева, Ж.Катифова, Ш.Дүйсеновалар Тұңғыш Президентіміздің өмір жолын, еңбегін, қайраткерлік қасиетін жоғары бағалай білетін оқушылар арасында «Біздің Елбасы» тақырыбында эссе байқауын өткізді. Қорытынды кезеңде әділқазы алқалары 5-сынып оқушылары Таңат Нұрасылдың еңбегін  І орынға, ІІ орынға Разақ Алина мен Шарипова Софият, ІІІ орын Советханова Амина мен Худасова Сымбат жазған эссе жұмыстары лайық деп таныды. «Президентіме шын жүректен» тақырыбындағы мәнерлеп оқу сайысын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Г.Сакеева, Ж.Елшібаева,  Г. Шолпанкулова жоғары деңгейде өткізіп, жеңімпаз оқушыларды мектеп директорының мақтау қағазымен марапаттады. 

Бұл мерекеде көркем еңбек пәні мұғалімдері мен денешынықтыру пәні мұғалімдері де қалыс қалмай, «Болашақты бастап берген Елбасы» тақырыбында шығармашылық қолөнер көрмесі мен денешынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Елбасы сенімі – ел сенімі» атты спорттық жарыстарды ұйымдастыруы мерекенің сәнін келтірді.

Бұл мерекенің тойлануының өзіндік ұлтқа берері мол. Осы мереке арқылы жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның тарихын танып, оның ел болып қалыптасу жолында қандай тұлғаның аянбай еңбек еткенін жадында сақтауына үлесін қосады. 

Фариза Нарыбекова, Алматы қаласы, Жетісу ауданы, №177 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
02.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 865
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6934
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10771
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7004
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7144