Болмашы заңбұзушылықтар орын алды

Болмашы заңбұзушылықтар орын алды

   Орталық референдум комиссиясында өткен брифингте ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы Леонид Анфимов: «Тәуелсіз мемлекеттер достастығының бақылаушылар миссиясы Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жоғары ұйымдастырылған деңгейде өтті деп санайды. Бақылаушылар дауыс беру барысын бақылау барысында болмашы ғана заңбұзушылықтарды тіркеген. Олар техникалық сипатқа ие. Олардың арасында ер адам кабинкаға әйелімен бірге кірген немесе сайлау учаскелерінің төрағасы бақылаушыларға нақты сағатқа дауыс берушілер саны бойынша мәлімет бергені сияқты бірлі-жарым жағдайлар бар. Бұл болмашы детальдар, олар жалпы картинаны бүлдірген жоқ. Жалпы, Қазақстан азаматтарына референдумда өз еркін білдіруге жағдай жасалғанын атап өткен жөн. Халықаралық байқаушылар жалпыхалықтық референдумда қазақстандықтарға өздерінің азаматтық құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік берілгенін атап өтеді. Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум жоғары ұйымдастырылған деңгейде өтті. Болмашы заңбұзушылықтар ғана тіркелді»,— деп атап өтті.

Ермек Сахариев
08.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5602
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5749
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20717
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19347
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22813