Бос уақытымда пошташы болуға шешім қабылдадым

Бос уақытымда пошташы болуға шешім   қабылдадым

Нұргүл Шамаева – ұстаз, өте белсенді жан. Мына жарияланып отырған қос мақаласынан байқағанымыз – өте сауатты жазады. Нағыз журналист дерсің. Ұлттық құндылықтардың жанашыры екенін білесің. Шіркін, мұғалімдердің арасынан қазақ баспасөзіне жанашыр осындай жандар көп болса ғой!.. Біз саған, Нұргүлжан, әрқашанда сәттілік тілейміз!

Қазір «Жастар газет оқымайды», «Газет-журналдардың оқырманы қартайып барады» деген пікір көп айтылуда. Қоғам оның мәнісін келтіріп, шешім табуға енжарлық танытып отыр. Осы мәселе бойынша мен көп ойландым... Ақыры бір шешімге келгендеймін.

Биылғы «Балалар жылы», ертеңгі Республика күні қарсаңында негізгі мұғалімдік жұмысыма қосымша пошташы болып көрмекпін. Неге дейсіздер, бәлкім... Мұнысы несі дегендер де табылар. 

Ең бастысы, мен мансап қуып, қызметке ұмтылмаймын. Індет кезінде де, «Еріктілер жылында» да аудан халқына ақысыз-пұлсыз қызмет атқарып, сіңірген еңбегімді де бұлдаған жоқпын. Бұл жолғы жоспарым да сол еріктілер жұмысымен мазмұндас.

Кеше аудандық пошта торабының басшысы Айман Зәрубайқызына жолықтым. Оқырмандар жазылған басылымдарын мезгілінде алып жүр ме деген ой мазалағаны да жасырын емес. Бірақ, аудан орталығында шағым жоқ екен. Менің негізгі мақсатым – газет-журналдарын жеткізіп беру ғана емес, оқырмандармен сырласу. Әсіресе, балалар басылымына жазылған жас достарыммен сөйлесіп, оларға мерзімді басылымнан қол үзбеу керектігін түсіндірсем деймін. Келесі жылға қандай басылымға жазылғысы келетіндері жөнінде де ой бөліссем... Керегінше кеңесімді айтып, еліміздегі бағыты байсалды басылымдарға жазылу науқанына көмегім тисе деген пейіл ғой менікі. Пошташының болмашы айлығына қызығып та тұрған жоқпын.

Сонымен, отбасымыздағы төрт жанның кезек мінетін жалғыз белесебетін тақымдап, оқырмандар ортасына асығып барамын. Олардың да оқшау ой, тың пікірі болып қалуы мүмкін. Мен үшін ел ішінің ахуалы мен тұрғындар пікірінен артық құндылық жоқ сияқты дәл қазір. Ал, мақсатыма жетпей тоқтамайтынымды Сіздер жақсы білесіздер...

Иә, араға 13 жыл салып, Республика күні қайта оралып жатыр. Бұл мереке ырду-дырду, даңғаза-дақпырттың емес, рухтың мерекесі болуы керек. Ол үшін мазмұны бай, маңызы жоғары шаралар ұйымдастырылып, оның барлығы жас ұрпақты патриоттық рухқа үндеп тұрса екен. Ал, менің жас достарыммен кездесуім осындай тақырыптарды қамтитын болады. Қолымдағы басылымда қандай қызықты тақырып, қандай мазмұнды мақала бар, сонымен алдын ала танысып алып, оқырманның қолына табыстап тұрып, сол туралы ой бөліссем... Сондай-ақ, оқырмандар сұранысын зерделеп, олардың не оқығысы келетіні туралы басылым редакцияларына ой салып отырсам... Сонда менен газет-журналды есікке немесе иттен қорқып шарбаққа қыстырып кететін емес, оқырманымен ой бөлісіп, газеттің бағытын айқындауға септігі тиетін әмбебап пошташы шықпай ма?!

Қалай болғанда да, еңбегімді ел игілігіне арнағым келеді!

Сіз қалай ойлайсыз? Қандай кеңес бересіз?

 

Нұргүл ШАМАЕВА
20.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 18
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 24
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 7
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 11
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 15
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 13
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 26
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 24
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 251
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 246
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 870

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8943
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8335
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11563
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9321
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10547