Бос жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуы керек

Бос жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуы керек

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Жиында әуелі Тараз қаласы әкімдігі қаржы бөлімінің бюджеттің орындалуы және есеп секторының меңгерушісі Абылайхан Умирбаев шаһар бюджетінің 2023 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша орындалуын баяндады. Оның айтуынша, қаланың кіріс бөлігі жоспардан 665,7 миллион теңгеге артығымен орындалған. Оның ішінде өзіндік кірістер 1 684,8 миллион теңге немесе 665,7 миллион теңгеге артығымен қол жеткізілген. Алайда бюджеттің шығыс бөлігінің 342,9 миллион теңгеге игерілмеуі қалыптасқан. Бұған қатысты шаһар басшысы алдағы уақытта мұндай олқылыққа жол беруге болмайтынын, мемлекет қаржысы заң аясында толығымен игерілуі керектігін жеткізді.
Келесі кезекте игерілмей бос жатқан жерлерді мемлекет мұқтажы үшін қайтару мәселесі қаралды. Бұл жөнінде баяндаған Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі Нұржан Нұралиевтің сөзінше, қала әкімінің тапсырмасымен жұмысшы топ құрылған.
– Мониторинг нәтижесінде 19 кәсіпкерлік субъектіге арналып, жалпы көлемі 60,88 гектар жер телімі анықталды. Қала бойынша жер телімдеріне түгендеу (инвентаризация) жұмыстары жүргізу мақсатында қалалық бюджеттен жер қатынастары бөліміне 118,0 миллион теңге бөлінді. Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу рәсімдері ұйымдастырылуда. Түгендеу жұмыстарын шұғыл бастау қажет болып тұр. Алайда жер телімдері пайдаланбау себебінен, жерге мұқтаж кәсіпкерлік нысандар жер телімдерін жалға алуда, – деді Нұржан Тоқбергенұлы.
Өз кезегінде қала әкімі Бақытжан Орынбеков: «Жоғарыда анықталған кәсіпкерлік нысан иелерімен берілген жерлерді нысаналы мақсатқа сай пайдалану жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізіп, Тараз қаласының экономикасына инвестиция тарту бойынша нақты жобалар мен ұсыныс жасау қажет. Сондай-ақ жер телімдерін нысаналы мақсатта пайдалана алмайтындығына көз жеткізілсе, сот арқылы мемлекеттік қажеттілікке қайтарылуы тиіс», – деді.
Басқосу барысында бұдан өзге «Халық қатысатын бюджет» жобасын жүзеге асыру, сайлау бойынша желілік кестенің орындалуы, атаулы әлеуметтік көмекке енгізілетін өзгерістер сынды өзекті мәселелер қаралып, бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді.

Құрбанәлі Шахабай, Жамбыл Тараз газеті
09.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 105
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 118
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 207
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 207
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 345
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 346
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 577
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 520

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9225
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8621
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11847
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9617
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10830