БҚО әкімі тікелей эфирге шығады

БҚО әкімі тікелей эфирге шығады

Бүгінгі күні Батыс Қазақстан облысындағы ахуал тұрақты. Облыс әкімі Ғали Есқалиев 20 қаңтар күні жергілікті «Aqjaiyq» телеарнасы арқылы тікелей эфирге шығып, өңір жұртшылығын мазалаған сұрақтарға жауап беретін болады.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғындардың сауалдары 18 қаңтарға дейін қабылданады. Жерлестеріміз өз сауалдарын 8-775-002-50-29 WhatsApp нөміріне немесе baspasoz@bko.gov.kz электрондық поштасына жолдай алады. Тікелей эфирде өңір тұрғындарының сұрақтарына облыс әкімімен бірге құзыретті органдардың басшылары да жауап беретін болады. Сонымен қатар облыс әкімдігінің баспасөз қызметі өңірдің тыныс-тіршілігіне қатысты тұрғындарды толғандыратын мәселелерге жауап беру үшін сұрақтар жинағы жарияланатынын хабарлады.

Тағы бір айта кетерлігі, Батыс Қазақстан облысы бүгін эпидемиологиялық жағдай бойынша «сары» аймаққа өтті. Әзірге карантиндік шектеу шаралары күшейтілген жоқ. 

Еліміз бойынша жарияланған төтенше жағдайға байланысты облыс аумағында түнгі 23.00 мен таңғы 07.00 аралығында коменданттық сағат бекітілді. БҚО коменданты М.Әблазимовтың бұйрығына сәйкес, облыс аумағында бес блок-бекет қойылған болатын. 

Кешегі «Аза тұту күнінде» облыс тұрғындары қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан отандастарымызды еске алу мақсатында «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойды. Осындай сындарлы сәтте еріктілер де жағдайды тұрақтандыруға өз үлестерін қосып, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне көмек көрсетуде. 

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА Батыс Қазақстан облысы
11.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» президенті маңызды мәлімдеме жасады
«Ордабасы» футбол клубының президенті Абдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы - 25.04.2024 6
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 11
КЕНТАУДА ҚОҚЫС ЖИНАУ БОЙЫНША  «ПЛОГГИНГ» МАРАФОНЫ ӨТТІ
Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 9
 ШАРДАРАЛЫҚ 9 ОҚУШЫ РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША ИСПАНИЯДАҒЫ ЖАРЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.04.2024 20

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 992
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7043
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10886
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7111
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7253