БҚО-да төтенше жағдай аяқталды

БҚО-да төтенше жағдай аяқталды

 

            Мемлекет басшысының жарлығымен бүгіннен, яғни 13 қаңтардан бастап Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі алынып тасталды. Алайда блок-бекеттер өз жұмыстарын жалғастыра береді.

            Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өңірде шағын және орта бизнестің жұмысы қалпына келтірілгенін, банк бөлімшелері қалыпты жұмысына кіріскенін, сауда орталықтары мен базарлар жұмысын қайта бастағанын, барлық жердегі және әуедегі байланыс жолдары ашылғанын хабарлады. Блок-бекеттердің алынбау себебін құзырлы мекеме құқық қорғау органдарының экстремистік және лаңкестік әрекеттерді ұйымдастырушыларды анықтау және ұстау жұмыстарының жүргізілуімен түсіндірді.

Басты міндет – аталған тұлғалардың облыс аумағына енуіне жол бермеу. Сонымен бірге

барлық шектеулердің, соның ішінде коменданттық сағаттың күші жойылды. Жеке және заңды тұлғалардан уақытша тәркіленген қарулар қайтарылуда. Енді инкассаторлық қызметтерге де тәртіп сақшылары ілесіп жүрмейтін болды.

            Тағы бір айта кетерлігі, Алматы қаласындағы қарулы қақтығыста қаза тапқандардың арасында қос азамат – Батыс Қазақстан облысының тумасы болып шықты. Олардың бірі – ерлікпен қаза тапқан Алматы қалалық полиция департаментінің полиция старшинасы Ринат Қамбетов. Ал екінші жерлесіміз – Алматы қаласы әкімдігінің қорғанысы кезінде жеке құрамды басқарған 35-ші жеке десанттық-шабуылдау бригадасының командирі, гвардия подполковнигі Сәндібек Хайровты лаңкестер басынан атып, денесін өртеп жіберген деген суыт хабар жетті кеше. Марқұмның денесі бүгін туған жеріне жеткізілді.

Ләззат ҚАЖЫМОВА Батыс Қазақстан облысы
13.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 29
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 153
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 190
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 186
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 153
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 299
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 297
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 517
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 470

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9171
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8569
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11797
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9565
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10777