БҚО-да жекпе-жек спорты дамып келеді

БҚО-да жекпе-жек спорты дамып келеді

Бұл туралы Оралдағы ММА федерациясының спорт залында өткен салтанатты жиында БҚО Полиция департаментінің бастығыБҚО ММА федерациясының құрметті президенті Махсудхан Аблазимов атап өтті.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, облыстың бас полицейі, генерал-майор Махсудхан Аблазимов жекпе-жек спорты бойынша әлемдік және республикалық жарыстардың жүлдегерлерінқұттықтап, еліміздің ар-намысын үлкен ареналарда қорғау – құрметті міндет, үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.Сонымен қатар БҚО полициясы қатарында әлемдік деңгейдегі спортта жетістіктері бар спорт саңлақтары бар екенін мақтанышпен жеткізді– Рио-де-Жанейродағы 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, полиция капитаны Екатерина Ларионова,  әлем чемпионатының 3 дүркін қола жүлдегері, самбо мен дзюдодан Әлем кубогының иегері, полиция капитаны Бағдат Жарылғасов – біздің әріптестеріміз, – деді М.Аблазимов. Бұдан әрі департамент бастығы бір топ спортшыға федерация атынан ақшалай сыйлықтар табыстады.

Бас полицей атап өткендей, қысқа мерзім ішінде Батыс Қазақстандағы ММА мектебі Карина Сисенова, Райана Ақдавлетова, Гүлнәз Абдрахманова, Эльнара Бисенова, Нұрәділ Қайырберген, Самғат ШабданТалғат ЖиентаевАрдақ Бақытова, Әділбек Искендеров, Қадырбек ШинбаевӘліби Теміртасов сынды чемпиондар мен жүлдегерлердітәрбиелеп шығарды. Полиция департаменті Отаны мен халқын қорғауға әр кез әзір ержүрек және жоғары атаққа лайықты жастарды қызметке қабылдауға дайын. Өз сөзіндеполиция департаментінің басшысы спортшылардың жетістіктері жаттықтырушылардың кәсіби жұмысының және палуандардың қажырлы еңбегінің көрсеткіші екенін атап өтіп, сондай-ақ осы спорт түрін дамытуға қосқан үлесі үшін ММА федерациясының президенті Армат Бисеновке, федерацияның атқарушы директоры Алмат Исентаевқа, облыстық мәслихат депутаты Әсел Мырзахметоваға алғысбілдірді.

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
13.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4100
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4279
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19222
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17884
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 21326