БТР, түтін және нысанаға оқ ату: Ұлттық ұланның БТР экипаждары жүргізу, ату және таулы жерлерді еңсеруден жарысты.

БТР, түтін және нысанаға оқ ату: Ұлттық ұланның БТР экипаждары жүргізу, ату және таулы жерлерді еңсеруден жарысты.

Ақтөбеде Ұлттық ұланның "Үздік жүргізушісі" және "Үздік БТР экипажы" атағына байқау-конкурстың соңғы кезеңі аяқталды.

Байқау-конкурсты өткізудің негізгі мақсаты – әскери жүргізушілердің, БТР экипаж мүшелерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру, олардың қызметінің тиімділігін арттыру, оларды әскери қызметке бекіту, әскери бөлім бөлімшелерінің неғұрлым кәсіби дайындалған БТР экипаждарын анықтау, сондай-ақ алдыңғы қатарлы бөлімшелердің оң тәжірибесін зерделей отырып тарату және енгізу.

 

 

Дәлдікті тексеру

Құрлықта әскери жүк техникасын жүргізу және БТР басқару бойынша жарыстар Ақжар кентінің 6655 әскери бөлімінің автодромында өтті. Байқау-конкурстың соңғы кезеңіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қатысты: төрт өңірлік қолбасшылық, Ұлттық ұлан академиясы, сондай-ақ тікелей бағыныстағы әскери бөлімдер. Бұған дейін байқаудың іріктеу кезеңдері әскери бөлімдер, өңірлік қолбасшылықтар базасында өтті.

Жарыс үш күнге созылды. Басында ұландықтаралғашқы медициналық дайындық көрсету, әскери техниканың техникалық сипаттамаларын айту және оны пайдалану, жол қозғалысын реттеуге арналған жалаушаларды қолдану бойынша жарысты, сондай-ақ олардың жол қозғалысы Ережелері туралы білімдері тексерілді.

Байқау - конкурстың екінші күні ҚР Қорғаныс министрлігінің 30238 әскери бөлімінің «Алға»полигонында өтті. Атыс дайындығы бойынша практикалық сабақтар барысында қатысушылар жауынгерлік машиналар құрамында ату бойынша жаттығуларды орындады. АК-74 нысаналары бойынша, сондай-ақ белгіленген нысандар бойынша НСВ 12,7 мм ірі калибрлі пулеметтен (Никитин-Соколов-Волков) оқ жаудырды. Сонымен қатар, олар БТР-80-нен өздерінің табельдік қаруларымен қозғалмайтын және қозғалатын нысандарға оқ жаудырды.

 

Қиындықтар жеңіске жетелейді

Бірақ ең әсерлі сайыстар ең соңғы күні болды. Экипаж мүшелері танкке қарсы арық, жол көпірі, мина-жарылыс жолағы, жалпы қоршау, тік түсу және көтерілуді қамтитын ұзындығы 5 км-ден асатын жолда кедергілерді еңсере отырып, практикалық жүргізуді көрсетуі керек.

Байқауға тоғыз бронетранспортер мен 9 әскери КамАЗ» жүргізушісі қатысты. Жол барлығына бірдей болды, тек БТР командасы әлі де ұрыс алаңынан сәттіөтуі керек еді.

Стартқа бірінші болып КамАЗ жүргізушілері шықты. Байқауға екі көлік бөлінді. Бұл да тосқауылдың бірі  жүргізуші өзінің көлігін өте жақсы біледі. Бірақ алаңдауға уақыт жоқ. Үміткерлер патриоттық музыканың ырғағымен алға ұмтылып, жолға түсті . Экипаждар бірінен соң бірі "сегіз" санына ұқсас жолды айналып, тар жолдан да өткен соң, "жарылғышминалардың жанынан өтті. 

Осылайша, үш күндік жарыстың жеңімпаздары да анықталды. Ұлттық ұланның үздік жүргізушісі 6654(Қаракемер) әскери бөлімінен келген аға сержант Б.Ахметқалиев болды. Күміс пен қоланы «Орталық»өңірлік қолбасшылығының 5516 әскери бөлімінің жүргізушісі (Қарағанды) аға сержант Ж. Көкен және 3656 (Астана) әскери бөлімінің жүргізушісі сержант Е.Бедешев бөлісті.

- Ең бастысы батылдық керек. Сондай-ақ ұстамдылық пен жүргізушінің жақсы жүрісі де маңыздыҚалғанының бәрі де соған байланысты. Мен экстремалды және адреналинді сезіндім. Бір сөзбен айтқанда, өз нәтижеме ризамын, финалдық жарыста лайықты жеңіске жеттім, - деп атап өтті аға сержант Бауыржан Ахметқалиев.

Содан кейін кедергілер жолағына БТР экипаждары шықтыБұл жарыстардың ерекшелігі - экипаждар бір-бірімен үнемі жұмыс істемейді. Олардың құрамында келісімшарт бойынша әскери қызметшілер де, арнайы дайындықтан өткен және осындай күрделі техникаға жіберілген мерзімді сарбаздар да бар. Дегенмен, Экипаждар бір адам сияқты жұмыс істеуі керек. 13 тонналық машина қателіктерді кешірмейді. Әсіресе, тік көтерілу және түсу кезінде қателікке жол жоқСапарды бастамас бұрын сұйықтықтың ағып кетуіне жол бермеу үшін барлық жабдықты мұқият тексеріледі.

Экипаждар БТР-ге қарсы арық, "жылан", көтермекөпір, миналанған өткел, габаритті аула, габаритті "сегіздік", тік көтерілу және түсу, теміржол өткелі, аппарель, косогор сияқты кедергілерді еңсерді. Бұл жерде бүкіл экипаждың үйлесімділігі маңызды, өйткені мұндай жағдайда тек триплекстерге  қарауға арналған кішкентай терезелерден аймақты шолып отыру оңай емес. Сонымен қатар олар бірнеше нысанаға соққы беруі керек. Сол себепті зеңбірекшілер тапсырманы мінсіз орындауы шарт.

Қазылар алқасы жаттығудың дәлдігі мен өту уақытын ескерді. Мұнда экипаж бір механизм ретінде жұмыс істеуі керек. Барлық командалар таулы жерлердегі кедергілер жолағына алғаш рет шықты. Жолда қиын, қауіпті беткейлер мен бұрылыстар болды, бірақ сайыс сонысымен қызық.

Жарыс бағыты жыл сайын өзгеріп отырады. Қатысушылар жарыс жолына ешқандай жаттығусызшығадыТек қана байқау басталғанша аймақты жаяу аралап, маршрутты көзбен шолып шығуға ғана рұқсат берілген.

Бронетранспортерлержүргізушілерінің кәсіби шеберліктерін тамашалау ерекше әсер береді. Алдымен олар шұңқырды, көтерме көпірді еңсеру, жылдамдықпен көтерілу және тоқтау, сондай-ақ атыс тәсілдерін орындауы керек. Бұл ретте олар кідірместен, артқа шегінбей қозғалып, қабырғалар мен шектеу тіректерін соғып алмауы қажет. Осы жолы БТР экипаждары әртүрлі дәрежедегі кедергілерге тап болды, - деп атап өтті 3656 әскери бөлімі командирінің техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары подполковник Нұрсейт Қамбаров. - Экипаждардың қозғалыс жылдамдығы да, элементтердің өту біліктілігі де бағаланады.

Қорытынды бойынша бірінші жалпы командалық орынды 6654 әскери бөлімінің командасы (Қаракемер), екінші орынды "Орталық" өңірлік қолбасшылығының командасы (Қарағанды), үшінші орынды "Батыс" өңірлік қолбасшылығының командасы (Орал) жеңіп алды.

- Жыл сайын бұл байқаудың ережелері мен шарттары күрделеніп келе жатыр. Соған байланысты қатысушылардың да біліктілігі арта түседі деп үміттенемін. Мұндай шешім бір жағынан бәсекені қызық ете түседі. Дәл осы байқауға үшінші жыл қатарынан қатысып отырмын. Біз 2021 жылы Ұлттық ұланның үздік БТР экипажы атанған едік.Бұл байқау мамандардың шеберлігін талап етеді. Мәселен, бастапқы кедергілерді еңсеру кезінде механик-жүргізушінің ептілігі маңызды рөл ойнайды. Бұл ретте экипаж командирі де өзін көрсете білуі керек. Ол маршруттың соңына дейін бағдардан айнымауға тиіс. Өйткені, қозғалыс барысында жан-жақтан нысаналар көтерілетін сәттер бар. Сондай мезетте оның қырағылығы маңызды. Ол атқышқа дер кезінде пәрмен беріп отырса, ұпай олжалауға мүмкіндік бар деген сөз. Әр іс-әрекетімізді ұқыпты жасамасақ, ұпай жоғалту да оп-оңай, - деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 6698 әскери бөлімінен келген экипаждың командирі аға сержант Ержан Тойлыбаев. 

 

Ұландықтар балаларға сыйлық үлестірді

Айта кету керек, Ұлттық ұланның "Үздік жүргізушісі" және "Үздік БТР экипажы" байқау-конкурсының соңғы экстремалды кезеңін көру үшін өмірлік қиын жағдайға тап болған "Аяла" балаларды оңалту орталығының тәрбиеленушілері шақырылды. Мұнда балалар үшін мерекелік түскі ас ұйымдастырылды.

Өз кезегінде, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары генерал-майор Константин Воронкин Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақановтыңатынан кеңсе керек-жарақтарын сыйға тартып, балаларды қуантты. 

- Қайырымдылық акцияларын өткізу Ұлттық ұланның әскери қызметшілері үшін дәстүрге айналған. Осылайша, қазақстандық балалардың жаңа буынын рухани-адамгершілік жағынан жетілдіруге үлес қосамыз. Бүгін біз балалардың бақытты жүздерін көрдік. Ересектер үшін бұл өте маңызды. Біз олардың әрқайсысы еліміздің лайықты азаматы болып өседі деп деп үміттенеміз, - деді генерал.

Мекеме Алға балалар үйі мен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығын біріктіру арқылы құрылған. Өйткені өңірде балалар үйіне тапсырылатын тәрбиеленушілердің саны азайған. Мұнда мұғалімдер мен психологтар балаларға мамандық таңдауғакөмектесіп, тәуелсіз өмір сүруге дайындайды. Бұл орталықта 3 жастан 18 жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған сәбилер тұрады.

 

 

Жеңімпаздарға арналған марапаттар

 

Қорытынды бойынша бірінші жалпы командалық орынды 6654 әскери бөлімінің командасы (Қаракемер), екінші орынды "Орталық" өңірлік қолбасшылығының командасы (Қарағанды), үшінші орынды "Батыс" өңірлік қолбасшылығының командасы (Орал) жеңіп алды.

-Бүгінгі байқауға келген командалар алдымен өздерінің әскери бөлімдерінде, сосын өңірлік қолбасшылық деңгейінде іріктеуден өткен. Сол себепті әр аймақтан жиналған мықтылар барша әскердің алдында өздерін дәлелдеуге тырысып бағуда. Бұл ретте олардың әскери машиналарды жүргізу шеберліктері ғана емес, сонымен қатар атыс даярлықтары, әскери медициналық білімдері, БТР-ден оқ ату қабілеттері, жекелеген атыс дайындықтары да сыналды. Олардың қызметі техникамен байланысты болғандықтан көлікті жөндеу, оны күтіп-баптау мен басқарудағы біліктіліктері де бақылауға алынады. Экипаж командирі, атқыш, механик-жүргізуші бірін-бірі ауыстыра алуға қабілетті. Сондықтан да олар барынша әмбебап болғаны жөн, - деді генерал-майор Константин Воронкин.

 

Іс-шара соңында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары генерал – майор Константин Воронкин ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақановтың атынан жеңімпаздарды кубоктармен, медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

 

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

 

22.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14322
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14255
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29395
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28032
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31563