Бубликке не жетіспеді?

Бубликке   не жетіспеді?

Қазақстанның бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Александр Бублик Ньюпорт (АҚШ) ATP 250 турнирінің финалында жеңіліп қалды. Қазақстандық теннисші осыған дейін бес рет ATP додаларының финалында ойнап, тек соның біреуінде ғана, биыл Монпельеде чемпион атанған еді. Бұл жолы финалда әлемнің 41-ракеткасы америкалық Максим Крессимен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партия барысында қос брейк жасаған қазақстандық теннисші басымдылық көрсетті. Есеп – 6:2. Екінші сетте де 3:0 есебімен алға шыққанымен, қатарынан 6 геймді беріп қойды – 3:6. Үшінші, шешуші партияда матч тағдыры тай-брейкте шешіліп, америкалық жеңіске жетті. Есеп – 7:6 (7:3). Осылайша, А.Бублик Ньюпорт турнирінің финалында екінші рет ұтылып отыр. 

 

Рауан МУТАИР
21.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 343
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 191
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 487
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 332

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18247
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18107
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33296
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31846
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35563