Бұғалық Мәсімовті қылқындырды ал алып акулаларды темір торға қашан саламыз?

Бұғалық Мәсімовті қылқындырды ал алып акулаларды темір торға қашан саламыз?

Қаралы қаңтарда «Мәсімов ұсталды. Осы қанды қырғынды жасаған сол және оның командасы екен. Ол – сатқын!» деген сөз көңілге медеу болды. Мәсімов НӘН-нің оң қолы еді. 30 жыл қазақ елін сансыратып кеткен НӘН екендігі мәлім болды. Яғни Мәсімов сол «үлкен кісінің» құпия қоржыны екендігі де айдай шындық болып жарқырап шығатынына ел сенді. Содан кейін сиырқұйымшақтанған өсек-аяңдар жылт-жылт көрініс берді. «Мәсімов бостандықта алшаң басып жүр екен. Жоғарыда айтылған ол туралы сөздер жалған болып шықты» деген ел аузындағы сөздер бәрімізді де елеңдетіп, алаңдатып, Тоқаевқа да, оның ескі командасына деген сенімге селкеу түсе бастады. Жо-жоқ, өткен аптадағы Мәсімовті тергеудің барысындағы жаңалықтар елді қайтадан сабасына түсіріп, үміт отын жақты. Е, бәсе! «Мәсімовтың өте қымбат тұратын бизнес санаттағы 11 көлігі тәркіленіп, оның маңындағы жақындарынан 5,1 млн АҚШ доллары алынған. Сондай-ақ оның 4 пәтері мен жеке сарайына тыйым салынған...». Бәрекелді! Сондай-ақ әу баста айтылған мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен алу және лауазымдық міндеттерін асыра пайдалану күдігі бойынша Қ.Мәсімов пен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр екен. Тергеу барысында айтылған оның қылмыстары, сыбайлас жемқорлық, пара алу, үйінен табылған зор байлық жөнінде халық толық құлақтанды деп ойлап, ол жөнінде сіздердің    уақыттарыңызды алмай-ақ қояйық. Біздің айтарымыз да, тілеріміз де бір нәрсе. Ұзағынан сүйіндірсін! Біздіңше Мәсімовтың тыққан, бұққан байлығы бұл табылғандардан пәлен есе көп екені белгілі. Міне, оның аяқ-қолын тырбаңдатып, соны құстыру керек. 

Ең бастысы НӘН-нің командасына шабуыл басталды! Бірақ өткен аптада да елді елеңдеткен тағы бір маңызды хабар ауыздан ауызға тез тарады. «Үйінде құса болып, халықтың қаһарынан қорқып тығылып жатыр» деген Назарбаев сопаң етіп Түркиядан көрініс берді. «Қалайша қорықпай онда жүр? Ердоғанға арқа сүйеп барды ма? Не мақсатпен жүр?  Халықтан ұялмай қалай ғана жер басып жүр екен?» деген сауалдар пайда болып, қалың бұқара оған кіжіне қарағанын қалай жасыра аларсың? «Маған сендер не істей аласыңдар? Ұшағым астымда. Құшағым кең. Қайда барсам, сонда барам. Мен тірі тұрғанда ешкім маған ештеңе жасай алмайды» деп қыр көрсеткені ме мұнысы? Әйтеуір емін-еркін жүр. Әлде Нұрекеңе Мәсімов жайлы ешкім ештеңе айтпағаны ма? Егер Мәсімовті сәл-пәл қыссаң, Нұрекең туралы талай сырды ол жайып салмайтынына кім кепіл? Путин досының жағдайы анау. Жан-жақтан санкция салынып, оның да аяғы аспаннан келетін күні жақын. Шал енді кімге сенеді? Бір жағынан аяйсың, бір жағынан жазасын тартса екен деп тісіңді қайрайсың. Шіркін-ай, сол күн тез келсе екен! Бұл біздің ғана емес, бүкіл бұқараның тілегі. Біздіңше Президентіміз бұғалықтың шылбырын жәймен тартып, біржола қылғындырмаққа бейімдеп келе жатқандай көрінеді. Ал сіз қалай ойлайсыз?

Бет қатталып жатқанда: Қайрат Сатыбалдының кім екенін жұрт жақсы біледі. Сол дәудің шетелге тыққан ақшасы аз болғандай тағы бір тапқан «олжасын» арқалап, қашып бара жатқанда қақпанға түсіпті.

Ертай Айғалиұлы
17.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 197
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 191
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 700
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 823
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 736

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8892
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8287
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11515
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9271
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10499