🔰Бүгін – ҚР прокуратура органдарының кәсіби мерекесі

🔰Бүгін – ҚР прокуратура органдарының кәсіби мерекесі
🔹Құрметті прокуратура органдарының қызметкерлері мен сала ардагерлері! Баршаңызды кәсіби мерекемен құттықтаймыз!
🔹ҚР мемлекеттік прокуратурасы 1922 жылдан бастап Әділет ұлттық комиссариатының құрамында жұмыс істей бастады. 1933 жылы прокуратураның құзыреті кеңейтілді: Әділет ұлттық комиссариатының жанынан прокуратура басқармасы құрылды.
🔹Прокуратураның дамуындағы маңызды кезең 1936 жылы басталды, ол кезде КСРО-ның жаңа Конституциясы Қазақстанға егеменді Одақтық Республика құқығын берген болатын. Осы уақыттан бастап мемлекеттік прокуратура құқық қорғау органдарының дербес құрылымы ретінде жұмыс істей бастады. 1937 жылдың қарашасында Әділет ұлттық комиссариаты мен прокуратураны бөлу бұйрығы шықты. Прокуратура тікелей КСРО прокурорына бағынды.
🔹Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан кейін прокуратураның құрылымы мен қызметі өзгерді, дегенмен, оның қызметінің басты бағыты ел заңдарының орындалуына бақылау жүргізу болып қала берді. 1991 жылдың 6 желтоқсанында «Қазақ КСР прокуратурасы органдарының бірыңғай жүйесін құру, олардың дербестігін және тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» қаулы қабылданды.
📌Осы датаға орай күнтізбеде жаңа мереке – Прокуратура органдарының құрылған күні пайда болды.
Тараз қаласының әкімдігі
06.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14435
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14353
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29500
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28131
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31665