БҰЛ САЛАДАҒЫ САЯСАТ ӨЗ ЖЕМІСІН БЕРУДЕ

БҰЛ САЛАДАҒЫ САЯСАТ ӨЗ ЖЕМІСІН БЕРУДЕ

Астана қаласында еңбек саласындағы саясатты дамыту жақсы жүзеге асуда. Еңбек адамдарына құрмет артып келеді. «Еңбек етсең – емерсің» деген атамыз қазақ. Еңбек – адам өмірінің негізі ғой. Қазір адамдар өмір сүру үшін еңбек етеді. Онсыз тіршілік ету мүмкін емес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында өткен Ұлттық құрылтайда  нағыз еңбек адамы дегеніміз кім екенін нақтылап берген еді. 

 

«Бұл, ең алдымен, өзіне жүктелген міндетті орындау үшін барын салып еңбек ететін білікті маман. Нағыз еңбек адамы бұл – істің адамы, яғни әр ісіне, әр қадамына жауапкершілікпен қарайтын адал азамат. Ал, жауапсыздықтың салдары неге апарып соқтыратыны кешегі өрт кезінде айқын көрінді. Осындай, келеңсіз жағдайлар тек орман шаруашылығында емес, басқа да салада бар», – деді Мемлекет басшысы. Дұрыс пайым. Өткір ой! 

Яғни бүгінгі таңда еңбек маңызды фактор болып саналады. Еңбек етсең, ширайсың, шынығасың, өмір көресің. Қазақ халқы әу бастан еңбек етуді тіршіліктің көзі, тұтқасы, бүкіл тәрбиенің басы деп санаған. Еңбек арқылы балаларды елжандылыққа, бірлікке, іскерлікке баулыған. Осылайша, әр отбасы балаларына еңбектің пайдалы жақтарын үнемі айтып отырған. Оны, көбінесе, мақал-мәтел, өсиет айту, өнеге көрсету арқылы жүзеге асырған. Оған «Еңбегі қаттының ембегі тәтті», «Еңбек түбі – береке» деген мақал-мәтелдер дәлел бола алады. Бұдан біз ата-бабаларымыздың тәрбиенің көзі еңбекте жатқанын білгенін ұғамыз. Сол себепті, ұлдарды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, кәсіп табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй іші жұмыстарына үйреткен. Табысқа еңбекқорлар ғана жететінін, табыс табу пайда табудан үлкен өнер екенін түсіндірген. Осыған орай халқымыздың «Артық олжа – басқа еңбек»,  «Оңай олжа – тұрмас қолға», «Шығын шықпай, кіріс кірмейді» деген мақалдары да бекерден-бекер айтылмаса керек.

Қорыта айтсақ, отбасында жақсы тәрбие берудің негізгі мән-маңызы – баланы жасынан еңбек етуге, үнемшілдікті үйренуге, сараңдыққа салынбауға, ұқыптылыққа, ақыл-парасаттылыққа, қаражатқа деген дұрыс көзқарас қалыптастыруға және олардың қалай келетінін немесе табысты да таза еңбекпен жасауға үйрету, тәрбиелеу деген сөзді білдірсе керект-ті. Ендеше, бүгінгі ұрпақты адал еңбекке тәрбиелеу баршамыздың парызымыз екендігі хақ.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттің халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерінің уақытылы орындалуын қамтамасыз етті. Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 28,7 мыңнан астам қызметкердің құқығын қорғады. Атап айтқанда, 9,5 мың қызметкерге 2 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек төленді. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде 19 мыңнан астам қызметкердің еңбек құқығы қорғалды.

Платформалық жұмыспен қамтуды регламенттейтін және аталған салада жұмыс істейтін қазақстандықтардың еңбек құқығы мен әлеуметтік кепілдіктерін қорғауды қамтамасыз ететін заңнамаға түзетулер қабылданды. Мемлекет басшысы мемлекеттік еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағына беруді көздейтін заңға қол қойды.

Осыған байланысты Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері ашылады, өңірлердегі инспекторлар саны артады. Бұл еңбек заңнамасының сақталуына бақылауды күшейтуге, қызметкерлердің құқығы мен мүддесін қорғауға, еліміздің кәсіпорындарындағы қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, сондай-ақ еңбек дауы мен жанжалының туындау қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы белсенді түрде іске асырылуда. Кәсіпорындардың цифрлық картасы жасалды, ол нақты уақыт режимінде еңбек жағдайларын бақылауға мүмкіндік береді. Болашақта барлық бизнес-процестер: жұмыс орнын бағалау, жеке қорғаныс құралдарын және басқа кепілдіктер ұсыну, барлық деңгейде еңбекті қорғау бойынша білімін тексеру автоматтандырылады.

Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру аясында жұмыс күші артық өңірлерден 4,8 мыңнан астам адам еңбек тапшылығы бар өңірлерге өз еркімен қоныс аударды. Қоныс аударушылардың барлығына мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді.

 Биылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы мен барлық мемлекеттік жәрдемақылар инфляция деңгейіне индекстелді, ал ортақ зейнетақы инфляция деңгейінен 2%-ға жоғары болды. Қазақстандық жас буын арасында болашақ зейнетақының барабар деңгейін қамтамасыз ету үшін жұмыс берушілер тарапынан міндетті зейнетақы жарналарын кезең-кезеңімен енгізу басталды.

Зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт бойы жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы әлеуметтік төлем енгізілген болатын. Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын 1 миллионнан астам жұмыс істейтін азамат мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 5 әлеуметтік тәуекел бойынша 453 млрд теңге көлемінде төлемдер алды.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен базалық және ортақ зейнетақыны қоса алғанда, әлеуметтік төлемдердің 42 түрі төленеді. Биылғы 6 айда 4,3 млн адамға: оның ішінде 2,4 млн зейнеткер мен 1,9 млн мемлекеттік жәрдемақы алушыға зейнетақы және жәрдемақы төлеуге 2,6 трлн теңге бөлінді. 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша өмірлік қиын жағдайға тап болған 67 мың отбасының 355 мыңнан астам адамына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Жұмыспен қамтуды қолдау шаралары да жүзеге асуда. 315 мыңнан астам қазақстандық жұмыспен қамтуды белсенді қолдау шараларымен қамтылған. 231 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылса, оның 98 мыңға жуығы тұрақты жұмыс орнына ие болды. Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша 36 мыңнан астам жұмыссыз азамат онлайн білім алса, оның 33 мыңға жуығы оқуын аяқтады. «Бастау Бизнес» жобасы аясында 38 мыңнан астам адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, 24 мыңнан астамы оқуын аяқтап, сертификаттар алды. 110 мыңнан астам қазақстандық қызмет саласын таңдау бойынша әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті. Сонымен қатар жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататын азаматтарға 400 АЕК мөлшерінде 4 мыңнан астам грант берілді.

Министрлік 2029 жылға дейінгі еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасын іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Өңірлер мен салалардағы сапалы жұмыс орындарын бақылау жүйесі әзірленіп, қолданылуда. Республикада сапалы жұмыс орындарының саны 2,3 миллионға жетті, оның ішінде 200 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
21.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3648
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3852
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18779
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17457
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20890