Ұлттық мектеп спорт лигасының ашылу салтанатына қатысқанын хабарлады. Нұр-Сұлтанда ұлттық мектеп спорт лигасы өтіп жатыр. Сол шараның ашылу салтанатына қатысқан ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында: «Биыл Ұлттық лига 8 спорт түрінен емес, 10 спорт түрінен өтеді. Лига шеңберінде ұйымдастырылатын жарыстар алдымен мектептерде, аудан және облыста, кейін республика деңгейінде өтеді. Мұндай іс-шаралар балаларымызды спортпен айналысуға ынталандыру, соның ішінде қазақ халқының асық ату және тоғызқұмалақ сынды дәстүрлі спорт түрлеріне баулуға бағытталған. Бүгін мектеп оқушылары асық ойнап жатқанын көріп, риза болдым. Балалық шағымда бұл ойын біз үшін футбол сияқты танымал ойындардың қатарында болатын», – деп жазды Асхат Аймағамбетов. Сондай-ақ одан балалар волейбол, баскетбол, футбол, футзал, үстел теннисі, жеңіл атлетикалық кросс және басқа да спорт түрлерін таңдай алады. Министрлік мектеп және студенттер спорт лигаларын өткізу шараларын қолдайды. Біз спорт секцияларының жалпы санын 50 мыңға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Мемлекет басшысы Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударды. Қойылған міндеттерді іске асыру үшін ҚР БҒМ кешенді жұмыс жүргізеді. Министрлік мектеп оқушыларының санына байланысты спорт залдарының санын ұлғайтуды көздейтін әзірленіп жатқан мектептердің үлгілік жобаларына ұсыныстар енгізді. Балаларды секциялармен қамту олардың тәлімгерлеріне де байланысты. Сондықтан спорт секцияларын жүргізетін дене шынықтыру мұғалімдеріне жұмыстары үшін ай сайын қосымша ақшалай қаражат төленеді. Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінен көптеген ұсыныс келіп түсетінін атап өткім келеді. Олар сабақтың тиімділігін арттыру туралы өз ойларымен бөліседі. Жақын арада мәселені талқылау және тиісті шешімдер қабылдау үшін кездесу өткізетін боламын», – деп жазды.