ОРЛМАНДАР ТУРАЛЫ ОЙ

ОРЛМАНДАР ТУРАЛЫ ОЙ
Тәуелсіз мемлекетіміздің сұрқия саясаты кеңес өкіметінің де қолы бармаған сұмдыққа барып, аз қазақты «оралмандар» және басқалар етіп, біріне бірін қарсы қойып, ресми түрде екіГЕ бөліп тастады. Мархабат, міне, удан да ащы ақиқат сөз:
ОРЛМАНДАР ТУРАЛЫ ОЙ
Оралмандар, оралғандар,
Аппақ нұрдан жаралғандар.
Жазықсыздан – атылғандар,
Жапа шегіп – қамалғандар.
Шілдей тозып, жер ауғандар,
ЕЗІ қалып, ЕРІ ауғандар.
Ібілістен, сайтандардан –
Аты үркіп, теңі ауғандар.
Өлдің-жіттің, аз-ақ қалдың,
Жатқа сіңіп, азаптандың.
Сонда-дағы САҚТАЙ БІЛДҢІҢ,
Қазақтығын қазақтардың!
...ТІЛДІ ұмыттық – дозақ бардық,
Шоқынуға аз-ақ қалдық.
Өзімізді жүндей түтіп,
ӨЗГЕЛЕРГЕ МАЗАҚ болдық.
Оралыңдар, саямыз бар,
«Ақтаңдақта» - бай аңыз бар.
Кешіріммен қараңыздар,
Сіздер бізді, АЯҢЫЗДАР...
Ханбибі Есенқарақызы
Бурахан баурымыздың кеше салған постын бүгін көріп, бөлісіп, сосын кеше ақын Ханбибі Есенқарақызы апамыздың мемсыйлыққа ұсынылған "эсселер" деген кітабына арнаған кешегі постымнан ақынның өлеңін ұсынып отырмын.
Апайдың кітабында: ""Өз үйінде өзі ТҰЛ, өз үйінде өзң ҚҰЛ!" деген сөздер. Оралмандар, шынымен де бізді аяңыздар: Біз басына таяқ тиген жылқыдай, әбден жасып қалған, бүгінгі ҚОРҚАҚ қазақтармыз. Бұрынғы жалына қол тигізбес асау қазақ жоқ!
Біздің елдің алдында бар болып қалу үшін, бордай болып тозбас үшін ең алдымен істелуі, шешілуі тиіс, ең күйіп тұрған екі мәселе бар: 1.Жемқорлықты жою. 2.Шеттегі қазақты әкелу...
Өмірзақ Ақжігіттің Facebook парақшасынан
25.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 323
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 469
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 316
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 168

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18233
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33281
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31832
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35540