COVID-19 ға қарсы алғашқы дәрі қолданысқа енді

COVID-19 ға қарсы алғашқы дәрі қолданысқа енді

4 қараша күні Британдық Дәрі-дәрмектер мен денсаулық сақтау өнімдерін реттеу агенттігі (MHRA) АҚШ-ның Merck-Биофармацевтикалық компаниясы жасаған COVID-19 жұқпалы ауруын емдеуге арналған Молнупиравир (Monupiravir) препаратын қолдануды мақұлдады.

Британдық Дәрі-дәрмек және денсаулық өнімдері басқармасы бұл препараттың «жеңіл және орта дәрежедегі науқастардың емделуі мен өлім қаупін көрнекті дәрежеде төмендетеді, әрі аурудың асқынуының алдын алады» -деп таныстырды.

Бұл әлемді әбігерге салып отырған коронавирусқа қарсы әлемдегі алғашқы жұтпа дәрі. Ұлыбритания COVID-19 ды емдеуге арналған дәрілерге рұқсат берген алғашқы ел. Англияның Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер министрі Саджид Джавид «Бұл дәрінің қолданысқа енгізілуі- еліміз үшін тарихи күн» деп мәлімдеді.

Ұлыбританиядағы Молнупиравир (Monupiravir) брендінің атауы - Lagevrio. Өткен айда Ұлыбритания 480 000 емдеу курсына жететін дәріні сатып алған екен.

Қазіргі таңда Еуроодақ елдері мен Америка Құрама Штаттарындағы денсаулық сақтау агенттіктері де монопиравирді қолдануды қарастырып жатқан көрінеді.

 

«Qazaqstan dauiri»-ақпарат
08.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 13132
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 11970
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 15213
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 14145
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 19174