Дайындық барысы бірқалыпты

Дайындық барысы бірқалыпты

«Қыстың қамын жаз ойла». Бүгінгі таңда облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына қарасты ұйымдардың алдағы 2023-2024 жылдар аралығындағы жылыту маусымына дайындық шаралары қалай жүргізілуде? Қылышын сүйретіп қыс келген сәтте, қыстың көзі қырауда қысылып қалмаймыз ба?

Жалпы, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына қарасты 389 денсаулық сақтау ұйымы бар. Оның ішінде 173 нысан қатты отынмен, 1 нысан дизельдік отынмен, 186 нысан табиғи газбен және 29 нысан орталықтандырылған жылу жүйесімен жылиды. Қатты отынмен жылитын нысандарға 4469 тонна көмір қажеттілігі жоспарланып, бүгінгі күнге 4469 тонна көмір 100 пайыз тасымалданған.

Ауылдық елді мекендерде орналасқан медициналық нысандардағы жылыту пештеріне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, нысандардың қазандықтары мен жылу жүйелері жоғарғы қысымды сынақтан өткізіліп, монометрлер мен термометрлер арнайы тексеруден өткізілуде.

Дайындық жұмыстарын зерделеу барысында Меркі, Жуалы аудандарына 1, Мойынқұмға 2, Шуға 4 дана табиғи газбен жылу беретін пеш сатып алу қажеттіліктері анықталып, алдағы бюджет нақтылауына 79280,0 мың теңгеге өтінім ұсынылған. Сонымен қатар, Сарысу ауданы, Саудакент ауылдық ауруханасының қазандығына аурухана есебінен 2 пеш сатып алынған. Қазандықты күрделі жөндеуден өткізуге жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін 12309,1 мың теңгеге бюджеттік өтінім тапсырылған.

Биыл Жуалы ауданында 4, Байзақ ауданындағы 14 елді мекендегі нысандарды мекеме өз қаражаты есебінен табиғи газға қосыпты. Осы жылы аудандық ауруханалар есебінен шамамен 21600,0 мың теңге көлемінде 27 алғашқы медициналық көмек көрсету нысандарына жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, газдандыру жоспарланған.

– Тараз қаласы бойынша Әйтиев көшесінде орналасқан 260 орындық облыстық көпбейінді ауруханасының ғимаратын қайта жаңарту жобасы министрлікке ұсынылды. Тараздағы әл-Фараби көшесінде орналасқан Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының қалалық көпбейінді ауруханасын қайта жаңарту жобасына жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптамаға жіберілді.

Ал, Әйтиев көшесіндегі Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының 6 ғимаратын реконструкциялау бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы толықтай дайындалып, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен ведомстводан тыс кешенді сараптамасы жүргізіліп, бүгінгі күнге сараптамасының оң қорытындысы алынып қойды, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ
23.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 147
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 183
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 180
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 147
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 294
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 292
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 508
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 465

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9165
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8563
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11791
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9559
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10771