Дала жұмыстарына дайындық пысықталды

Дала жұмыстарына дайындық пысықталды

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде көктемгі егіс, дала жұмыстарына дайындық барысы қаралды. Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітеков тақырып аясында баяндама жасады. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың өнімі үшін ауыл шаруашылығы дақылдарын 770,7 мың гектар алқапқа орналастыру жоспарланған. Былтыр ауыл шаруашылығы дақылдары 756 мың гектарға орналастырылған болса, биыл оның көлемін 14,7 мың гектар алқапқа арттыру жоспарлануда. – Биыл дәнді және дәнді бұршақты дақылдарды 398,2, майлы дақылдарды 72,2, қант қызылшасын 10,4, картопты 11,8, көкөніс пен бақша дақылдарын 61,7, мал азығы дақылдарын 216,7 мың гектар алқапқа орналастыру жоспарлануда, – дейді басқарма басшысы. Бүгінгі таңда көктемгі дала жұмыстарына қажетті 90,2 мың тонна тұқымның 68,9 мың тоннасы дайындалған. Яғни, қорда бар тұқымның 76,4 пайызы дайын. Қалған тұқымды, дәлірек айтсақ, қант қызылшасының, дәндік жүгері, картоп, сүрлемдік жүгері және күнбағыс дақылдарының тұқымын шет мемлекеттерден және Алматы, Қарағанды, Павлодар және Жетісу облыстарынан жеткізу жоспарлануда. Биыл көктемгі дала жұмыстарын дер кезінде жүргізу үшін және дизель отынын шаруашылықтарға ертерек жеткізіп беру бағытында тиісті жұмыстар қолға алынған. Мәселен, көктемгі дала жұмыстары кезінде аймақ шаруа қожалықтарын барлығы 15,5 мың тонна кепілдендірілген дизель отынымен қамту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда қажетті дизель отыны тиісті жанармай құю бекеттерінен арнайы операторлар арқылы шаруаларға төмен бағада босатылуда екен. «Жерді тыңайтқышпен қамту, ол жерден мол өнім алу аясында тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Биыл 54 мың тонна тыңайтқышты 280 мың гектар алқапқа енгізу жоспарлануда. Оның ішінде, 26,7 мың тонна аммиакты селитра, 7,1 мың тонна аммофос және 20,2 мың тонна басқа да тыңайтқыштар бар. Басқарма тарапынан шаруашылықтар 50 пайыз қаражатты өз есебінен, қалған 50 пайыз қаржыны субсидия есебінен жабу бойынша «ҚазАзот» және «Қазфосфат» ЖШС зауыттармен меморандум жасаған. Меморандум негізінде облыс шаруашылықтарының егін науқанындағы отандық тыңайтқыштарға деген қажеттілігі мен сұранысы қамтамасыз етіледі», – дейді Нұрби Жігітеков. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов егіс көлемін арттыруды жоспарлап отырған Т.Рысқұлов пен Меркі аудандарының мүмкіндігіне тоқталды. Аталған аудан басшылары тиісті межені орындайтындықтарын жеткізді. Аймақ басшысы жанар-жағармайдың диқандарға кедергісіз жетуіне мән берді. «Шаруа қожалықтарға операторлар тарапынан бөлінген дизель отыны ай сайын тиісті деңгейде үлестіріліп отыруы керек. Оның бағасы да Үкімет белгілеген жеңілдетілген нарық бағамымен берілуі тиіс. Сондықтан да ауыл шаруашылығы басқармасы операторлардың жұмысын тұрақты бақылап, шаруа қожалықтарына дизельдің жеткізілуін бақылауында ұстағаны абзал», деп тиісті басқарма басшысына тапсырма берді. Тыңайтқыш мәселесі де назардан тыс қалмады. Жауапты басқарма басшысының айтуынша, тыңайтқыш төрт ауданда арнайы орынға жеткізіліп, сол жерден шаруа қожалықтарға таратылуда екен. Келесі кезекте облыс әкімі Нұржан Нұржігітов шаруа қожалықтарына төмен пайызбен несие беру жұмыстарына тоқталды. Бұл бойынша облыстағы қаржы ұйымдарының басшыларын тұрғызып, шаруа қожалықтарына көктемгі дала жұмыстары алдындағы қаржыландыру барысының жай-жапсарымен жан-жақты танысты. – Қазір ауыл шаруашылығына көп көңіл бөлінуде. Биыл қант қызылшасы алқабы бірнеше есеге ұлғайтылғалы отыр. Сондықтан да өңіріміз үшін ең тиімді дақыл – қант қызылшасы алқабын ұлғайтуға басымдық берілетін болады. Балтамыр көлемін арттыру бойынша шаруа қожалықтар арасында түсіндіру жұмыстары тоқтамауы керек. Былтыр ауыл шаруашылығы құрылымдарына 60 миллиард теңге берілген болса, биыл оның көлемі 100 миллиард теңгеге ұлғайды. Мұның ішінде несие де, субсидия да қамтылған. Негізінен ауыл шаруашылығы саласына қаржы беретін болсақ қана бұл сала жұмыс істейді. Сонымен қатар, бір ескеретін мәселе, егіс алқаптарына ағын су жеткізу үшін шаруа қожалықтар «Қазсушар» мекемесімен келісімшартқа отыруы керек. Аталған мекеме егіс алқабына су жеткізіп беруді өз міндетіне алғанда ғана ол алқаптарға суармалы дақылдарды орналастыруға рұқсат берілуі тиіс», деген Нұржан Нұржігітов тиісті басқарма мен қаржы ұйымдарының басшыларына және аудан әкімдеріне бұл жұмыс бойынша нақты міндеттер жүктеді. Бұдан кейін облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Ұлана Сламбекова наурыз айында өткізілетін мерекелік іс- шаралардың жоспарымен таныстырды. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов наурыз айында ұйымдастырылуы тиіс мерекелердің жоғары деңгейде өтуіне басымдық берілуіне мән бере отырып, оған барлық басқармалар мен департаменттердің, аудан әкімдерінің көңіл бөлуін тапсырды.

Марат ҚҰЛИБАЕВ
23.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 99
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 109
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 202
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 202
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 340
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 341
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 568
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 515

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9218
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8614
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11840
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9610
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10823