Дәрі-дәрмек бағасы да бақылауда

Дәрі-дәрмек бағасы да бақылауда

Қазіргі таңда әлеуметтік азық-түлік бағасын реттеу бағытында жергілікті әкімдік тарапынан бірқатар жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Халықты алаңдататын тағы бір мәселе – дәрі-дәрмек бағасының шамадан тыс шарықтап кетуіне жол бермеу.  Маңғыстау облысындағы фармацевтикалық қызмет саласындағы бірқатар мәселелер жөнінде өңірлік медицина және фармацевтика қызметін бақылау департаментінің  міндетін атқарушы Нұрсұлу Мұхамбетяровамен сұхбаттастық.

-          Нұрсұлу Аманбекқызы, аталған департаменттің фармацевтикалық қызмет бағытына тоқталып өтсеңіз?

-         Біздің департамент - ҚР денсаулық сақтау министрлігінің фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің аймақтық бөлімі. Біздің негізгі функцияларымыздың бірі – дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар айналысына бақылау мен қадағалау жүргізу. Сонымен бірге белгілі бір мемлекеттік қызмет көрсетеді. Оның ішінде  департамент құзіретіне  фармацевтикалық қызметке рұқсат құжатын яғни лицензия беру кіреді.  Қысқаша статистикаға тоқтала кетсек, Маңғыстау облысында 550-ден астам дәріхана мен дәріханалық пункттер бар. Ол бөлшек сауда орындары деп аталады.  Ал ірі сауда орындарына қоймалар жатады.  Облыс деңгейінде ресми  тіркелген 18 қоймаға рұқсат етілсе, соның ішінде бүгінгі таңда 8-і қызмет етеді. Бұл қоймалар жеке кәсіпкерлердің иелігіндегі жеке меншік нысандар болып саналады. Облыс аумағына енген бүкіл дәрі-дәрмек ірі қоймалардан бөлшек сауда орындарына таратылады. Халықты дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету механизмі мемлекеттік медициналық ұйымдардың мекемелері, сондай-ақ мемлекеттік  тапсырыс алып отырған жекеменшік медициналық ұйымдар мен  «СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибьютері  жасақтаған келісімшарт негізінде жүзеге асырылады. Науқастарды тегін дәрі-дәрмекпен қамту тізбегіне бастан-аяқ облыстық денсаулық сақтау басқармасы жетекшілік етеді, ал департамент  жеке меншік дәріханалардағы дәрі-дәрмектің тапшылығыны туындатпау, сауда-саттық барысында шекті бағадан асырмауын қадағалау, заңмен бекітілген мерзім ішінде әр санат талаптарына сәйкес лицензия берумен айналысамыз.

-          Облыс аумағында дәрі-дәрмектің бағасын бақылау бағытында қандай іс-шаралар жүзеге  асырылып жатыр?

-          Бүгінде  қоғамда дәрі-дәрмектің құнын шекті бағадан асырмау мәселесі жиі талқыланып жүр. Пандемияның алғашқы толқыны тұсында  дәрі-дәрмектер бағасы шамадан тыс шарықтап кетуінен туындаған дүрбелеңнен кейін былтыр ҚР Денсаулық сақтау министрілігінің27 тамыздағы «дәрілік заттың саудалық атауына өндірушінің шекті бағаларын, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес  Үкімет тапсырмасымен дәрі-дәрмектің көтерме және бөлшек  саудадағы шекті бағасын бекіту туралы шешім қабылданған еді. Кез келген тұрғын өз смартфонына dari.kz  мобильдік қосымшасын жүктеу арқылы дәріханалардағы қандай да бір дәрінің бағасын бақылай алады. Қазіргі таңда бұл тізілімге 7 мыңға жуық дәрі-дәрмектің  атауы  енгізілген. Мұндағы дәрі-дәрмектердің барлығы барлығы сертификацияланған. Мәселен, халық көп тұтынатын «парацетамол» дәрісін мобильді қосымшадан іздеп көрелік. Бізге әр түрлі атаумен, әр алуан фирмадан өндірілген бірнеше  «парацетамол» ұсынылады. Осы тұста дәрілік препараттар бағасы өндірілген елі, фирмасы секілді деректер ескеріле бектілетінін назарда ұстаған жөн. Егер тұтынушы дәрі-дәрмек бағасын негізсіз өсіру дерегімен бетпе-бет келсе, мобильдік қосымшадағы шағым бөліміне өтіп, өз өтінімі мен шағымын түбіртегін қоса тіркеп,  жолдай алады. Бұл шағым Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық деңгейдегі орталыққа түседі. Бұдан бөлек сатып алушылар мұндай шағыммен облыстық полиция және біздің департаментке жүгіне алады. Бұл өте маңызды мәселе. Алайда, халық өз құқығы мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты мәселелерде белсенділік танытпайды. Кез келген дәріхананың ішінде мемлекеттік лицензия туралы ақпарат ілініп тұруы тиіс.

-          Бағаны негізсіз өсіргендерге қандай шара қолданылады?

-      Дәрі-дәрмектің бағамына мемлекеттік бақылау қажет: 15 қыркүйек 2014, 09:13  - жаңалықтар Alashainasy.kz    Дәрі-дәрмек бағасын негізсіз көтеру дерегі анықталса, сол бойынша әкімшілік шара қолданылады. Егер бұл жағдай 3 немесе одан да көп мәрте қайталанса, лицензиясын айыру үшін сотқа жүгінеміз.

Жалпы елімізде сертификацияланған, рұқсат етілген 18 мыңға жуық дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар бар. Оның үштен бір бөлігі міндетті түрде дәрігер нұсқауымен сатылуы тиіс. Бәрімізге белгілі көбіне біздер өз бетімізбен ем-дом тағайындап, дәрігер кеңесіне жүгінбестен, дәрілік препараттарды қолданамыз. Көбіне артығымен сатып алып жатады. Қазіргі таңда тұрғындар алаңдайтын көкейтесті мәселе - короновирусқа қарсы дәрі –дәрмек қорын алдын-ала жасақтау жайы. Осы тұста ескере кетер маңызды жайт - Үкімет тапсырмасына сәйкес меншік нысанына қарамастан, барлық медициналық ұйымдар мен мекемелерде, емханаларда науқаста респираторлық вирустық инфекция белгілері пайда болып, нақты диагноз қойылған жағдайда міндетті түрде қызу түсіретін, антибактериалдық, вирусқа қарсы дәрілер тегін берілетіні. Тұрғындар осы ақпаратты көбіне біле бермейді. Дәріханаларды жағалап,  өз қаржысына дәрі сатып алып жатады. Бұл бір тараптан індеттің өршуі мен дерттің дендеуіне де едәуір ықпал етеді.

Бүгінгі таңда короновирусқа қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектердің екі жарым айға дейінгі  қоры бар. Біздің департамент тарапынан әр жұма сайын дәрі-дәрмектер қоймасына мониторинг жүргізіледі. Қазіргі таңда короновирустық инфекцияға қатысы жоқ күнделікті сұраныстағы 26 атаулы өнімге тапшылық туындап отыр. Оның ең басты себебі -Украинада  орын алған геосаяси жағдай. Бұл тізімдегі дәрі-дәрмектер мен медициналық ұйымдардың басым бөлігі Украинада өндіріледі. Сондай-ақ бүгінде қызу өлшейтін қарапайым термометр тасымалы тұралап қалу салдарынан дәріханалардан табу қиындап кетті. Бұл өнімдер біздің елде өндірілмейді.  Жалпы дәріханалар мен ірі қоймалардың 95 пайызы жеке кәсіпкерлердің иелігінде. Ел аумағында  Шымкент пен Қарағандыда  ғана дәрі-дәрмек өндірісі жолға қойылған

-          Дәріханалар қызметіне монитрингті  кім, қалай жүргізеді?

-    Алматы әкімдігі: Дәріханада дәрі қымбаттаған жоқ      Полиция департаментіне қарасты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан жыл сайын  есірткі заттарының заңсыз айналымын анықтау мен құрықтау мақсатында дәріхана қызметіне жоспарлы түрде рейд жүргізіледі. Өткен жылы бір дәріхана қызметін тоқтатты. Биыл мұндай дерек тіркелген жоқ. Бұдан бөлек пандемия тұсында партия тарапынан депутаттардың, біздің департамент өкілдерінің қатысуымен бірқатар мониторинг жүргізілді. Жалпы кез келген мониторингтік топтың құрамына департаменттің қызметкерлері кіреді.

-          Жекеменшік дәріханалар қызметі қалай қадағаланады?

-          2020 жылы ел Президентінің үкіміне сәйкес шағын және орта бизнес нысандарын қолдау мен дамыту мақсатында тексеруге мораторий енгізді. Тек қана тұтынушы тарапынан түскен жазбаша шағым негізінде тұтынушы өміріне қауіп төндірген жағдайда ғана прокуратура рұқсатымен тексеріс аша аламыз. Шағын бизнес нысандарының қызметіне  қол сұға алмаймыз.Бағаның негізсіз өсіміне қатысты деректер анықталған жағдайда ғана әкімшілік тарапынан құрылған моиторингтік топтар рейд жүргізе алады және дәйекті материалдар болуы тиіс. Жақында егде жастағы адам келді. Дәрілік препаратты өзге дәріханадан жоғары үстемеақымен алған. Тексере келе бұл дәрінің мүлдем елімізде тіркелмегендігі анықталды. Енді сол кісіден әрі қарай тергеу амалдарын жүргізу үшін полицияға  арыз жазуын өтінсек, бас тартады. Мінеки, көптеген тұрғындар өз құқығын қорғауда табандылық танытпайды.

-          Дәрігер нұсқауымен беру мәселесі қаншалықты жолға қойылған?

-          Халықтың басым бөлігі көбіне рецептсіз дәрі-дәрмек алады.  Ал жекеменшік дәріханалар өз өнімін өткізуге мүдделі. Сондықтан дәрігер нұсқауынсыз дәрі-дәрмек саудасына түпкілікті тыйым салу мүмкін болмай тұр. Бәлкім алдағы уақытта сандық форматта «даму.мед» секілді ақпараттық жүйенің көмегімен бұл олқылықтың орнын толтырармыз. Электронды рецепттер қай жағынан да тиімді. Науқасқа дәрі нұсқауда көрсетілген мөлшерге сәйкес берілсе, артығымен сатып алуға да тосқауыл қойылады. 

-          Департаменттің қызметінде қандай қиындықтар бар?

-           Соңғы жылдары фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметке  жүгінетіндер саны күрт өсті.  2020 жылы дәріханалардың саны үш есеге дейін артты. Біздің департаментке өтініш электронды нұсқада келіп түседі. Кез келген кәсіпкер өзінің электронды цифрлық қолтаңбасы арқылы eGov.kz Электрондық үкімет порталында фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығы үшін лизенция алу бойынша онлай-қызметке жүгіне алады. Белгілі бір деректерді енгізе отырып, талаптарға сәйкес өтініш нысанын толтырып, толық құжатын департаментке жолдаған жағдайда заңмен көрсетілген мезгілде мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бірақ кәсіпкерлердің көбі осы қызметке жүгіну барысында түсініспеушіліктер орын алып, кейде сыбайлас жемқорлық деректеріне де жол береді. Сондықтан халықтың арасында осындай керағар пікірлер жиі кездеседі. 

-          Сұхбатыңызға рахмет!

 

Голрох Жеменей
16.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 245
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 241
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 743
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 866
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 779

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8936
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8330
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11558
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9315
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10542