ДӘРІГЕРЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ИГІ ІС АТҚАРДЫ

 ДӘРІГЕРЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»  АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ИГІ ІС АТҚАРДЫ
Мемлекет басшысының бастамасымен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталған болатын. Осы орайда Түркістан облысында «Таза өлке» апталығы басталып, аудан-қалаларды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Апталық аясында ордабасылық медицина саласының қызметкерлері сенбілік өткізіп, емхана ауласына 100 түп қарағаш, 200 түп калифорниялық терек пен 40 түп шынар отырғызды. Одан бөлек бой алған ағаштардың түбін, аумақ қоршауларын сырлап, бояды. Сонымен қатар 1000 дана гүл көшеті отырғызылып, санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді.
Ал Созақ ауданында 100-ге жуық медицина қызметкерлері Шолаққорған ауылындағы Жібек жолы көшесі бойында арықты тазалап, тал көшеттерін әктеді. Сондай-ақ қоқыс қалдықтарын жинады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
08.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 71
ТҮРКІСТАН: «ЖЕТІСАЙ» КОМАНДАСЫ ТУРНИР КЕСТЕСІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 56
МАҚТААРАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 82

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1222
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7267
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11131
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7330
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7478