ДАРХАН САТЫБАЛДЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
Жедел басқару орталығы Ішкі істер органдарындағы алдыңғы қатарлы құрылым болып есептеледі. Түркістан қаласында салынған облыстық полиция департаментінің жаңа ғимаратының жанында орналасқан орталық еліміздегі ең ірі кешеннің біріне айналмақ. Соңғы үлгідегі 126 монитор орнатылған орталық бүкіл облысты қамтуға қауқарлы. Барлық білім ұяларын да қадағалайды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бүгін құрылысы аяқталған жаңа ғимараттың жұмысымен танысты.
– Түркістанды Түркі әлемінің орталығына айналдыру бағытында жұмыс жүріп жатыр. Саяхатшылар көп келіп, туристік орталыққа айналсын десек, қалада қауіпсіз орта қалыптасуы тиіс. Бұл үшін осы ғимараттың маңызы зор. Тәртіп сақшылары соңғы технологияларды меңгеріп, Түркістанда қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік жоғары деңгейде болуы қажет, – деді Дархан Сатыбалды.
Техникалық қамтамасыз етілген құрылымда полицияның қызметі басталып, маңызды міндеттер атқарылады. Жұмыстың қайнар көзі саналатын орталықта «102» желісіне соғылатын қоңыраулар қабылданады. Әрбір қоңыраудың артында үлкен командалық қызмет атқарылады. Ғимараттың жалпы ауданы – 3 га.
Дархан Сатыбалды Түркістандағы бірқатар стратегиялық маңызды құрылыс алаңдарындағы жұмыс барысымен танысты. Облыстық полиция департаменті ғимараттары кешенінің құрылысы аяқталды. Техникамен жабдықталып, жиһаздары орнатылуда. Жақын күндері пайдалануға беріледі. 4 қабатты ғимараттың ауданы – 15 365 м2.
470 адамға арналған Полиция департаменті ғимаратының жалпы жер ауданы – 4000 м2. Ғимарат бірнеше блоктан тұрады. Мәжіліс залы, спорт аумағы, 30 көлікке арналған арнайы тұрақпен қамтылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
24.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 34
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 70
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 57
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 28
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 62
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 70
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 62
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 58
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 64
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 55
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 62
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 61
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 286

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9296
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8691
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11919
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9693
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10900